7. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Самат ауылдағы атасы мен әжесін Сәлем хат қатты сағынды. Сол сағынышын тілі жеткенше айтып хат жазбақ болды. Кешкі тамағын ішіп болған соң, біраз уақыт теледидар көрді де, өз бөл- месіне кірді. Торкөз дәптерден екі парақ жыртып алды. Ақ қағаздың басына «Сәлем хат» деп жазып қойды да, әрі қарай өз ойын, жай-күйін әңгімеледі. Халдеріңіз қалай, ата, әже? Ауырмай-сырқамай жүрсіздер ме? Көкем жұмысын істеп жатыр ма? Біз де аман-саумыз... Өтепберген Ақыпбекұлы • Хатты әрі қарай жалғастырып жаз.
Хақ есігін аш алыстан,Мен бір жемтік, жеді нәпсім – аш арыстан.
Күнәм шексіз, бақытсыздық батпағынан
Шығара гөр, мен бейбақты қасарысқан.
Дүние – нәпсі, соны іздеген соры қалың
Иттей болдым, сүйек тастар жолыма кім?
Қара басты! – Хақ жолынан мен адастым,
Қайда барам, ей, достарым, не қыламын?
Нәпсі, шайтан жүргізеді жарлық маған,
Бір пенде жоқ соған құл боп шалдықпаған.
Пендең сорлы – танымаған оң мен солды,
Уа, дариға, қасіреттен қаңғып барам.
Десе сенбе: менен де өткен болды әлемет,
Қылығыммен салып біттім елге де әлек.
Жүзім – қара, басып өткен ізім қара,
Қай түріммен көрінемін, мен – қарабет?!