7. Екі тапсырманың бірін орындаңдар. 1. Сабақта алған барлық ақпаратқа синтез жасап (жинақтап), мә- тінді жалғастырыңдар. Сез саны — 80-100. Мәдениеттің ең озық үлгісінің бірі жазу-сызу. Жазу мәдениеті адамның рухани байлығының баға жетпес үлкен жетістігі. Жазудың мақсаты ақпарат берушінің өз ойын басқаға жеткізу, болмысты таныту, іс-әрекетін мойындату. 2. Суретті сабақпен байланыстырыңдар, берілген дәйексөзді қа- тыстырып, мақала жазыңдар. Сөз саны – 80-100. не 1) Суретте бейнеленген? Қалай салынған? 2) Тастағы жазуды оқи алма- саң да, ондағы бейнелер арқылы қандай ақпарат алуға болады? 3) Сенің ойыңша, сурет неше ғасыр бұрын салынған? 4) Егер бұл таңбалар тасқа қашалмаса, бүгінгі күнге жетер ме еді? Баъзь Қажетті дәйексөз: Болмасын деп байлығы басқаға азық, Кеткен бабам тарихын тасқа жазып. (Б.Бәйітұлы)
Мүшелер жүйесі (система органов); (systema organum, лат. systema — жүйе, грек, organon - мүше, ағза) — құрылысы ұқсас, шығу тегі мен дамуы біркелкі және белгілі бір қызметтерді атқаруға маманданған мүшелер тобы. Мүшелер жүйелері адам мен жануарлар организмдерінде үлкен үш топқа топталады: сомалық мүшелер жүйелері (тері жабыны, сүйектер және бұлшықеттер жүйесі), ішкі мүшелер жүйелері (ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею - аталық және аналық), біріктіргіш (интеграциялық) мүшелер жүйелері (эндокринді бездер, тамырлар жүйесі, жүйке жүйесі). Мүшелер жүйелері қызметіне байланысты аппараттарға, мысалы, тірек-қимыл аппараты (сүйектер және бұлшықеттер жүйелері) бірігеді.
Адам ағзасындағы мүшелері, мүшелер жүйесі, олардың құрамына жататын мүшелер мен ұлпалар
қорқыт ата шығарма нақыл сөздері
Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайы ара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды».