Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.
Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи оқиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді.
Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.
Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.
Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.
Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.
Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан.
Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.
Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.
Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау.
Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.
Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.
Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.
Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.
Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз.
Үзік. Уықтың үстіне жаб