603. 1) Компьютерде теруші шығарманы 3 сағатта теріп болды. Компьютерде теруші 1 сағатта шығарманың қандай бөлігін
терді?
2) Құбыр бассейнді сумен 20 минутта толтырады. Құбыр
1 минутта сумен бассейннің қандай бөлігін толтырады?
3) Сөреден мәреге дейінгі қашықтықты Динара 15 секундта
жүгірді, ал Данияр 12 секундта жүгірді. Балалардың
қайсысының жылдамдығы көп?
604. Тұжырымдамалардың қайсысы тура:
1) 1 саны өзіне-өзі кері сан;
2) өзара кері екі санның көбейтіндісі 1-ден кіші болуы мүмкін;
3) нөлге бөлуге болмайтындықтан, 0 санына кері сан жоқ;
4) кез келген санға кері сан бар;
5) нөлден басқа кез келген санға кері сан бар;
6) өзара кері сандардың көбейтіндісі 1-ге тең.
1) 1/3 болады