6-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, табиғат көрінісін суреттеңдер. Жайдары жаз, тұманды күз, сақылдаған аяз, қарлы боран, желсіз түн, терең сай, тасыған өзен, жасыл жержүз
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Менің әуес ісім-спортпен айналысу. Казіргі заманға сай болу үшін әр бір адам спортпенх шығылдандырады. Спорт-бізге және біздің денсаулыққа өте пайдалы. Спорттың түрлері көп. Мысалы: жүзу, теннис, гимнастика, күріс және тағы басқалар. Спортпен айналысқанда біз өте мықты, аман боламыз. Сол үшін спортпен айналысу- өте маңызды. Ертеде мен ешқашан спортпен шұғылданғанмың. Сол заманда мен жиі ауырдым. Ал казір мен әр аптада бассейнге жүзуге барамын. Сол үшін қазір мен өте аманмын, және менің денсаулығым өте мықты.
Ертеде мен ешқашан спортпен шұғылданғанмың. Сол заманда мен жиі ауырдым. Ал казір мен әр аптада бассейнге жүзуге барамын. Сол үшін қазір мен өте аманмын, және менің денсаулығым өте мықты.