6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Сөзжасам дегеніміз не?
2. Жаңа сөздер қалай жасалады?
3. Түбір мен қосымша деген не?
4. Туынды сөздер қалай
жасалады?
5. Күрделі сөздердің неше түрі бар?
6. Қос сөздердің қандай түрлері бар?
7. Тіркесті сөздер қалай жасалады?
1)Сөзжасам – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы.
2) Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады.
3) Қосымша- түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема.
Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.
4) қосымша(жұрнақ жане жалғау) арқылы
5) Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді.
6) Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.
7) Тіркескен сөздер 5 түрлі жолмен жасалады.
1.Күрделі зат есім.Мысалы, Алматы қаласы-мәдениет сарайы.
2.Күрделі сын есім.Мысалы,қара кер, бидай өңді, ұзын бойлы т.б.
3.Күрделі сан есім.Мысалы, он бес, екі жүз сексен т.б.
4.Күрделі етістік.Мысалы, келіп отыр, деп айтты т.б.
5.Күрделі үстеу.Мысалы, күні бойы, ала жаздай т.б.
Объяснение: