Жалпы үлкен өмірге қадам басқан сәттен-ақ көп дүниелерге таңдау жасауға тура келеді.Ата-аналарымыз бала күнімізде үнемі біз үшін таңдау жасап,болашағымыздың жарқын болуына ықпал етсе,енді міне,есейіп,бойжеткен шағымызда барлық таңдау тікелей өзіміздің қалауымызбен жасалатын болды.Сәби күнімізде ойыншық таңдап,оқушы шағымызда мектептегі пәндер мен дос-құрбылар таңдай бастасақ,ал қазір міне мамандық таңдап,болашақты айқындайтын сәтте жетіп қалды. Мен мамандық таңдауға келгенде көп қиналып,ұзақ ойланған жоқпын.Өйткені менің табиғатым кішкентай күнімнен жазуға,сөйлеуге өте жақын болды. Өнер дейтін құдіретті өлкенің шынайы сыры мен жырынан сәлде болса хабардар болып өстім. 5-ші сынып табалдырығын аттаған кезімде, мені осы мамандық өзіне ерекше баурап алды.Несімен әрине?!
Мен «кітап» деген асыл қазынамен доспын.Көп оқығанды ұнатамын.Газет-журналдардағы,теледидардағы жаңалықтар мені елеңдетпей қоймайды,түрлі бағдарламаларды көрем және оларды өздігімше сараптап,жақсысын көңілге медет тұтамын. Менің ойымда сан мыңдаған арман-тілектер,жоспарлар мен самсаған мақсаттар тұр.Содан,бір күні мен « осы мақсаттарыма жету үшін маған тек қана журналистика мамандығы көмектесе алады»деген ойға келдім.Өз қалауыммен дәл осы мамандықты таңдай отыра,ерекше құлшыныспен,шынайы сүйіспеншілікпен армандадым.Дәл бүгінгі уақытта мен өзім жылдар бойы мақсат еткен
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне журналистика мамандығы бойынша грант иегері болып оқуға түстім. Мен үшін бұл жеңіске жету – өте қиын,күрделі көпірден өткенмен тең болды. ҰБТ сынағына дайындалып, шығармашылық кезеңдерден де сүрінбей өту үшін қажырлы еңбек еттім деп айта аламын.Еңбегім еленіп, бағым жанғанына шын қуанамын,өзімді бақытты санаймын. Өйткені, арманымның тең жарты бөлігі журналистика мамандығымен, осы жоғарғы оқу орнымен тығыз байланыста.Болашақта өзімнің авторлық бағдарламамды ашқым келеді. Елімді елең еткізетін тың дүние ойлап шығару жоспарда бар. Мақала жазып,өлең шығарып шығармашылықпен айналысқанды жаным сүйеді.Болашақта өзім үшін емес,елім үшін адал қызмет атқаратын халқымның қалаулы,елімнің елеулі журналисті болсам деген асқақ армандарым мені әрдайым алға жетелейді.
Бар екен де, жоқ екен,Ертек-ертек, ерте екен.Ешкілері бөрте екен,Қырғауылы қызыл екен,Құйрық жүні ұзын екен.Бұрын, бұрын, бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық ұстап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан оған Қаңбақ шал деп ат қойылған екен.Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі, әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдай алмай, шал бір күні екінші жерге көшем деп, дүние-мүлкін арқалап, жолға шығыпты. Шаршаған соң, оны бір жерге көміп кетіпті; бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек-қарнын көміп кетіпті; бір жерге қарындағы айранын көміп кетіпті. Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне-бірін шақпақ қылып, ұрып тұр екен.Дәу:– Қайда бара жатқан шалсың? Кел, екеуіміз күш сынасайық!– деп, қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де, қайта қағып алып:– Ал, шал, сен де осылай қақпақыл етші!– дейді.Шал сасқалақтап, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.Сонда дәу:– Е, неғып тұрсың? Лақтыр!– дейді.Шал тұрып:– Аспанға лақтырсам, «аспан айналып жерге түседі-ау!» деп, жерге қақпай түсірсем, «жер ортасынан ойылып түсе ме?» деп, қауіп қылып тұрмын!– дейді.Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:– Ақсақал, лақтырмай-ақ қой, текке қырылармыз!– деп жалынып қойғызады.Дәудің ақылы таяздығын біліп, шал ерленіп, оған:– Кел, жердің ішек-қарнын шығарайық!– дейді.Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қан-жыны арылмаған ішек-қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек-қарын шыға келеді. Дәу жаман қорқады.Сосын шал:– Кел, енді жердің миын шығарайық,– дейді.Дәу пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. «Мына шал не деген орасан күшті»,– деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры, шал одан қалай құтыларын білмей:– Енді кайт! Ертең бізге қонаққа кел,– дейді.Дәу:– Жарайды,– деп кетіп қалады.Шал үйіне келіп, кемпіріне:– Ертең дәу қонаққа келеді,– дегенде:– Ойбай, немізді береміз?–деп сасады кемпір.Шал тұрып:– Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше: «Не істеймін, шал?»– деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып, тұра ұмтыл!– деп, кемпіріне үйретіп қояды.Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір отырып:– Шал, нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ! – депті.Сонда шал тұрып:– Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе, досым дәудің өзін ас!– дегенде, кемпір пышағын алып, тұра ұмтылады.Үш дәу тым-тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп, алып кетеді. Шал айқайлап:– Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да, құтылмайсың!– дейді.Дәу лашықты тастай сала, қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.– Тақсыр, қайдан қашып келесің?– дейді түлкі.– Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз,– дейді дәулер.Түлкі:– Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме? Менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін,– деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:– Ей, түлкі-ау? Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар еді, үш дәуді соның үшін бергелі келе жатырсың ғой! Бәрібір онымен бітпеймін!– деп дауыстайды.Сонда дәу қорқып: «Бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой!»– деп ойлап, түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.