6-тапсырма. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен «жерұйық», «кіндік қаны тамған жер», «ұшқан ұя» деген тіркестерді тауып, мағынасын
нақтыла. Осы тіркестерді қатыстырып, сөйлем құра.
Үлгі: Ұшқан ұя. Ауыспалы мағына. Орын тепкен, қоныстанған жер, құтты
қоныс. Келдім сені сағынып, алтын ұям Алматым (Қ. Аманжолов).
T
биотехнология кез келген өнімді жасап шығаруда немесе кез келген технологиялық өндірісте сапалы әрі таза өнім алу үшін тірі ағзаны қолдану үдерісі дегенді білдіреді. Мысалы, оған күнделікті тәжірибемізде бұрыннан бар үдерістерге сүттің ашуын, қышқыл сүтті өнімдердің алынуын, яғни айран, шұбат, қымыздың алынуын жатқызуға болады. Немесе ірімшік, шарап, сыраны дайындау барысы. Бұл үдерістерді адамзат бағзы заманнан қолданып келе жатқаны аян. Міне, бұл ең қарапайым биотехнология. Адамдар осыған дейін бұл үдерістердің принципін түсінбестен қолданып келген. Шарап және сыра өндірісінде қантты ашыту барысында спиртке, сүтті қышқыл өнімдерге айналдыратын бактериялар бар екендігінен бейхабар болған.
Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын.
Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады.
Ауылда бір аңшы бір төбет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыл адамдары мойындайды. Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол Көксеректі іздеуге бірнеше адам болып шығады. Жаңағы тайыншадай итті бірге алып шығады. Олар Көксеректі бір сайдың жотасынан кездестіреді. Сол мезетте үлкен төбет көксерекке арыстандай атылып, жолбарыстай бақырып тұра ұмтылады. Екеуі біраз арпалысады. Екеуінің күші тепе-тең болады. Екеуі бір-бірімен тістесіп, екеуінін ауыздары қарысып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп Көксеректі бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға Құрмаштың апасына Көксеректі алып келеді. Сол кезде апасы "Менің баламнын жазығы не?" деп айтады. Апасы қайғыдан құса болады .