В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
iliabalagansky
iliabalagansky
18.07.2021 11:10 •  Қазақ тiлi

6. Мәтіннен айтылуы бойынша жазылған сөздерді тауып, емле ере- жесі бойынша түзетіп жазыңдар. Әуен, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданып, бір-біріңе оқып беріңдер. Бір гүні Қаражігіт би Қазыбектің үйіне келеді. Әңгіме- лесіб отырғанда Қазыбек: Уа, жігіт, «атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады, атадан жаман ұл туса, көштің соңы болады» деп еді. Соның ғайсысы боласың? – дейді. Сонда Қаражігіт: «Ораздының гөрісі қартайғанда қазына болады, шиыр- лының гөрісі қартайғанда қазба болады» деп еді. Сіз өзіңіз соның ғайсысы боласыз? - депті. - Иншалла, қазынамыз ғой, - дей беріпті сонда Қазыбек. - Иншалла, біз елдің туымыз, - депті Қаражігіт. («Шешендік шиырлары» кітабынан)

Показать ответ
Ответ:
HeeeeelpPlz
HeeeeelpPlz
17.08.2021 19:02
Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!
0,0(0 оценок)
Ответ:
franktyoma
franktyoma
03.01.2020 13:10
Пословицы о Родине

1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.

2. Өз елім, өлең төсегім.

3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.

4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.

5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.

6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.

7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.

8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.

9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота