Жинақтық сан есім жасаушы аффикс -ау, -еу. Бұл аффикс бірден жетіге дейінгі бірлік сан есімдерден жинақтық сан есім жасайды. Ол сандық ұғымды мүлдем өзгертпейді, бірақ есептік санға жинақтау мәнін қосып, оның мәнін абстракцияландырып, заттьтқ ұғым да қосады. Мысалы: Біреу де болса жетеді. Бес жыл өткен сол тойға енді өкініп жатыр екеуі. Үшеуі оңаша отыр. Ішінен мықты үшеуін таңдап алып, шұңқырға сал. Әлсіздеу біреуін үш көлікпен ауылға қайыр. Екеуі тракторға қалсын. Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жаба ала ма? (Ғ. Мұстафин). Қазіргі түркі тілдерінің көбінде жинақгық сан есім-нің -ау, -еу, -у дыбыстық варианты қолданылады. Мысалға татар, башқұрт, қарақалпақ тілдерін келгіруге болады. Сонымен бірге басқа түркі тілдершде ол қосымшаның -ав, -ов, -ев, -гу, -игу, -оо, -өө сияқты т. б. дыбыстық варианттары да кездеседі. Бірақ қандай дыбыстық вариангта қолданылмасын, олардың түп негізі бір.Жинақтық сан есім де — көне туркі тілінен келе жатқан сан есімнін, семантикалық тобы.
Жамал Мұсағалиқызы Қаңлыбаева (1923-1974) 1923 жылдың 25 маусымында Семей қаласында дүниеге келген. 1946 жылы Қазақ тау – кен металлургия институтын бітіріп, ҚазақССР ғылым академиясы тау – кен институтының маркшейдер және геодезия бөліміне жұмысқа жіберілді. 1949 жылдан бастап Қарағанды бассейнінің өндірістік учаскесінің шахталарында өзіндік ғылыми жұмыстар жүргізді.
Ж.М. Қаңлыбаеваның ғылыми еңбектері радиоактивті изотоптарды қолдана отырып, массивтің қалыңдығындағы тау жыныстарының қозғалысын зерттеуге арналған. Зерттеу нәтижелері бойынша 1952 жылы «Қарағанды бассейнінде жер асты тау - кен жұмыстарының әсерінен жер бетіндегі орын ауыстыруды есептеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. К зерттеулердің нәтижелерін қорытындылай келе, 1965 жылы Ж.М. Қаңлыбаева «Массивтегі тау жыныстарының қозғалысы процесінің заңдылықтары мен әдістері және жерасты қазбаларының кейбір мәселелері (Қарағанды бассейні негізінде)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, техникалық ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алған алғашқы қазақ әйелі болды. 1968 жылы профессор атағы бекітіліп, 1970 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент - мүшесі болып сайланды.
Аудармасы.