6. Берілген жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырып жаз.
Қазақстанның астанасы Алатау баурайынан Сарыарқаға
қоныс аударды. Тарихи қысқа мерзім ішінде елордамыз Отаны-
мыздың жүрегіне айналды. Бүгінде оны бүкіл дүниежүзі біледі.
Астанамыз қазір алып құрылыс аймағына айналған.
Мұнда жүздеген құрылыс-монтаж кәсіпорындары мен ұйым-
дар жұмыс істейді.
Есіл бойы қазақтың ежелгі мекені. Абылай хан ақ
ордасын тіккен, батырларымыз ат ойнатқан қазақтың кіндік
қаласы жасай берсін!
Еңсең биіктей берсін, шаңырағың кеңейе берсін, Елордa
Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.
Қазақтың батырлар жырының қайсы-сын алсақ та бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы, ел мұны халық тағдырымен ұштасып жатыр.