В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
829ld4b
829ld4b
18.06.2020 00:35 •  Қазақ тiлi

50 . переведите . переводчик не справляется елек өзенінің жиегінде түймедей бір төбе тұр. өзі қораш болса да, осы төбенің аты зор. «ақтөбе» десе жұрттың бәрі біледі. ондай ақ та емес. сонша ағартып, зорайтарлық не қасиеті барын кім білсін, оны қоршай салынған қала да «ақтөбе» аталған. қаланың
күншығыс жақ шетінде елек жұлықтай ағады. бір жағы ырғалған көк, тып-тыныш, бір жағы — сартылдаған поезд, сары құм. екі аралықтағы қала бетін қалай бұрарын білмей тұрған сияқты. алысырақ, жан-жаққа көз жіберсең бетегелі, құмайт жазық дала, жалпақ белдер созылып кете береді. кен, аспанда еркін
самғаған көк қаршығадай, осы далаға көз түскенде, көңіл шіркін де самғап-самғап алады.бір жағы ырғалған көк, тып-тыныш, бір жағы — сартылдаған поезд, сары құм. екі аралықтағы қала бетін қалай бұрарын білмей тұрған сияқты. алысырақ, жан-жаққа көз жіберсең бетегелі, құмайт жазық дала, жалпақ белдер
созылып кете береді. кең аспанда еркін самғаған көк қаршығадай, осы далаға көз түскенде, көңіл шіркін де самғап-самғап алады. қаланың іші де көңілді. қала бұрынғыдан да көркейе түсіпті, ағаш егіліп, гүлдене бастапты. ертеректе бұл қалада төбеңнен күн қарыса, табаныңнан жер қаритын. ыстық күндері
тынысың тарылған соң жел іздейтінсің. іздеген желің табылса, азабы ыстықтан да қатты. құм аралас майда топырақпен қуыс-қуысыңның бәрін бітеп салып, сары боран ұйытқи соққанда: "жанып кетсем де, желің құрысын! " - дейтінсің. міне, ақтөбенің күні - осындай еді

Показать ответ
Ответ:
alexvelova
alexvelova
23.03.2023 15:05

«Автобус» сөзінің фонетикалық талдауы.

Автобус: 3 буын – ав - тұйық, то – ашық, бус – бітеу.

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

В – дауыссыз, ұяң;

Т - дауыссыз, қатаң;

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;

Б – дауыссыз, ұяң;

У дауысты, жуан, қысаң, еріндік;

С - дауыссыз, қатаң.

Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.

«Велосипед» сөзінің фонетикалық талдауы.

Велосипед: 4 буын: ве – ашық, ло – ашық, си – ашық, пед – бітеу.

В – дауыссыз, ұяң;

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Л - дауыссыз, үнді;

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;

С - дауыссыз, қатаң;

И – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;

П - дауыссыз, қатаң;

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Д - дауыссыз, ұяң.

Сөзде 9 әріп, 9 дыбыс бар.

«Автомобиль» сөзінің фонетикалық талдауы.

Автомобиль: 4 буын: ав – тұйық, то – ашық, мо – ашық, биль – бітеу.

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

В – дауыссыз, ұяң;

Т - дауыссыз, қатаң;

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;

М - дауыссыз, үнді;

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;

Б – дауыссыз, ұяң;

И – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;

Л - дауыссыз, үнді;

Ь – дыбыссыз.

Сөзде 10 әріп, 9 дыбыс бар.

«Трамвай» сөзінің фонетикалық талдауы.

Трамвай: 2 буын: трам – бітеу, вай – бітеу.

Т - дауыссыз, қатаң;

Р – дауыссыз, үнді;

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

М - дауыссыз, үнді;

В – дауыссыз, ұяң;

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

Й – дауыссыз, үнді.

Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Znanija111tHtn
Znanija111tHtn
08.06.2023 17:44

ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ  

Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз.  

а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады.  

Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес).  

ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады.  

Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес).  

б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады.  

Мысалы: айтылуы- жазылуы: Қоныспек – Қонысбек, Тыныспек – Тынысбек, тас пер - тас бер^

в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады.  

Мысалы: айтылуы - жазылуы: Жаңағорған – Жаңақорған, кім гелді? - кім келді?  

КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ  

Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.  

Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес).  

Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:

а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады.  

Мысалы: айтылуы - жазылуы: Жампейіс – Жанпейіс, Ермағамбет – Ермағанбет;  

ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі.  

Мысалы: айтылуы - жазылуы: ашшы – асшы, колхошшы – колхозшы;  

б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады.  

Мысалы: айтылуы – жазылуы: жасса – жазса, божжігіт – бозжігіт.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота