Бір отбасының бақыты жұмыска, ақшаға, туыстарға, балаларға байланысты. Бақытты отбасылар әр жерде тұрады. Әрбір отбасы үнемі қуанышты емес, әрине әр отбасында жақсы және жаман күндер болады. Ғалымның зерттеуі бойынша ең бақытты отбасылар Норвегияда, Данияда және Финляндияда тұрады. Бұл жерлерде жалақылар жақсы және үкімет азаматтарға жақсы қамқорлық жасайды. Бақытты отбасына көп ақша керек емес, бірақ олардың ақшасы тамаққа, киімге, дәріге және аздап демалысқа жету керек. Мен әдетте Қазақстанда естемін адам бақытты болу ушін тұрмыста болу немесе үйленген болу керек, ал біз Америкада солай ойламаймыз. Қосымша біз ажырасу түралы жаман ойламаймыз. Үйлену той жасау және ажырасу түралы әрине көп ойлау керек, бірақ егер бір адам жалғыз бақыттырақ болса немесе оның жолдасы өте жаман адам болса ажырасуға рұқсат. Бақытты отбасында ғашық ең маңызды, ал шыдам да, кешірім де керек. Отбасы бақытты болу ушін оның мүшелері меселелердің бәрін бірге шешу керек.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында