50. Диалогке тән тыныс белгілерін қой. Әли, сен білесің бе? Менің ағам Түркияға ұшпақшы.
Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.
Ол не? Мен түсінбедім.
Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас
қосу. Онда ел жиналып, ойын-сауық, өлең-жыр айтылады.
Егер ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған
беремін. Сен менің нағыз досымсың ғой.
Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға
ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атай
ды. Бұл
- жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.
Екеуара сұхбат құраңдар. Күрделі сөздерді тауып, түрлеріне
ажыратыңдар.
• «Тоқымқағар», «базарлық» сөздері айтылған сөйлемдерді теріп жа.
Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.
Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.
бәрі табиғаттан жаралған. табиғатты қорғау адамзаттың парызы.
адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.