5-тапсырма. Мәтіндегі (4-тапсырмадағы) бірнеше сөздің түбірі мен қосымшасын ажыратып, нормаға сай жазылып тұрғанын түсіндіріңдер. Кітап, 156-бет. Жоңғар Алатауының бөктерінде терең із бар. Бұны, қазақтардың айтуына қарағанда, құлан-дарды қыру үшін Жәнібек хан қаздырған екен. Ханның жас баласы атқа отыруға үйреніп жүрген кезінде оның атын құландар өз үйіріне ілестіріп әкетіп, баласы қаза тауыпты. Содан кейін Тарбағатайдан Ілеге дейін ор қаздырып, Жоңғарияның барлық құланын соған құлатып өлтіріпті. Қазіргі уақытта Жоңғарияда екі түрлі халық тұрады. Буряттар немесе нағыз қырғыздар және үйсін деп аталатын Ұлы жүз қазақтары. Көптеген қырғыз-қазақтардың ертегілерін, мифтерін, эпос, жырларын және аңыздарын жинап жүріп, олардың Еуропа халықтарының, әсіресе славяндардың сол сияқты шығармаларына ұқсастығына таңғалдым...
Иә, сонау заманнан беріге жеткен бұл сөздің мағынасын бәріміз білгенмен, құрамындағы сандарға баса назар аудармайтынымыз жалған емес. Сөзді оқып "алты адам сөзге келсе – істің қайыры болмайды, ал, төрт адам біріксе – тасы жеті қат жер астында жатқан қамалды да алады" деп ұғынуымызға болады. Дегенмен, аталы сөздің астарына үңіліп, нақты не түсіндіргісі келгенін білуіміз шарт. Алты саны – біз үшін Алаш сөзімен үндес. "Алаш" қалың қол, мыңды білдіреді. Яғни, көпті, жүз үй адамын, бүтіндей бір қазақты меңзейді. Демек, бұл сөзде "алты саны" санның, мөлшердің емес, сөздің мәнін түсіндірді. Енді, "төрт" санына назар аударсақ, бұнда – тек бір үй мүшелерін айтқысы келген. Мысалы, бір шаңырақта төрт адам болса – атасы, енесі, келіні, отағасы, баласы. Міне, бұл – бір шаңырақ астындағы төртеу дегенді білдіреді. Төртеу – бір үйден асып әріге бармайды. Алтау – ол көп. Мың болуы мүмкін, он мың болуы мүмкін. Алтаудың түгелі – Алаштың тыныштығы, берекесі, ынтымағы. Ал, төртеудің түгелі – шаңырақтың берігін білдіреді.
Мәтінді оқып, мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.
Сол күні қазақтың ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Көркіне ақылы
сай қаракөз қыздарымыздың барлығы да жеңістен үмітті. Алайда, елдің ең сұлу аруы атану
үшін бойжеткендерімізге жеңіл болған жоқ. Байқауға қатысушыларға қойылған талаптар
өте жоғары болды. Бұл сайыста арулар сұлу әрі көрікті ғана емес, сондай-ақ ана тілін
құрметтейтін, тарихын, салт-дәстүрін білетін, әдебиет пен мәдениеттен хабары болуы
шарт.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда бойжеткендер шығармашылық және
зияткерлік белсенділіктерін көрсетті. Сынға түскен аруларымыз сондай-ақ, қазақ эстрада
жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би билеп, өнерлерін паш етті. Арулардың өнерін белгілі
тележүргізуші
Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Нұржамал Үсенбаева, ақын Айнұр
Тұрсынбаева, байқаудың продюсері Баян Есентаева, театр және кино актері Гани
Құлжановтар бағалады.
«Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесі 20 жасар мангыстаулық Гүлназ Жолановагастолько много за