В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
slavuka
slavuka
05.06.2023 08:25 •  Қазақ тiлi

5-тапсырма. Мәтінді оқып, әр ойбөлігіне тақырып қой, негізгі идеясын анықта. Әр ойбөлігіндегі тірек сөздерді теріп жаз. Азатжол Тақырыбы Негізгі идеясы Тірек сөздер 1-азатжол

Показать ответ
Ответ:
pro68
pro68
08.10.2021 04:49

Қазан, 19

Қазақтың ең орныққан, маңызды қағидасының бірі осы – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Ұрпақтарға ең үлкен тәрбиені де осы бір ауыз сөзбен бойына сіңірген.

Үңілсек, бұл сөзде үлкен философия жатқан сияқты. Өзімізден үлкенді құрметтесек, өзімізден кішіге иіліп ізет көрсетсек, адамзатты сыйлаған, бәрімен жақсы қарым-қатынаста болмаймыз ба? Ал күллі адамзатты сыйласаң, өзің де сыйлы боласың, құрметке бөленесің.

Қазақта отбасының әр мүшесінің өз орны бар. Шектен шығып бара жатқан кісіні «Өз орныңды біл!» деген бір ғана сөзбен тоқтатқан. Балалары ата-әжесін, әке-шешесін құрметтейді, олар айтқан сөзге тоқтайды. Аға-әпкелері іні-қарындастарына қамқор болады, келіндер үлкенге тік қарамай, даусын бәсеңдетіп сөйлейді. Дастархан басында отырғанда да осы қағида сақталады. Үлкендер–төрде, олардың жанын ала бере, оң жағында қыздар, сол жағында ұлдары, одан төменірек балалар, келіндер жайғасады. Төр – құрметті орын. Сондықтан да онда құрметті кісілер отырады.

Бұрынғы уақыттарда ауылдағы, ру ішіндегі не ел арасындағы дау-дамайды да үлкендер шешетін болған. Ақсақалдар отырысында шешілген байламға екі жақ та тоқтаған. Оған қарсы шықпаған. Қазіргі соттың үкімінен де артық бағаланған десек қателеспеспіз.

Кішілер үлкенге құрмет көрсетеді. Ол құрмет өмірдің әр алуан кездерінде әр түрлі формада жүзеге асады. Кішкентайында үлкеннің жолын кеспейді, оларға әрдайым сіз деп сөйлейді, тіл қайтармай, айтқанын бұлжытпай орындайды. «Сен демек қиын емес пе, бұрынғы туған үлкенге?!» деп Шортанбай Қанайұлы қазақтың танымын көрсетеді. Басқа қарсылықтарды былай қойғанда, тек «сен» деп сөйлеудің өзін өте оғаш санаған. Бала кезінен-ақ қонақты күтіп ап, олардың қолына су құйып қызмет жасау үйдің кіші балаларының еншісінде болған. Есесіне үлкендер оларға ризашылығын батасымен, мейіз-өрік, тәттісімен білдіретін болған. Қазірдің өзінде біз қонаққа барсақ, ол үйдің балаларына міндетті түрді сый-сауқатымызды ала барамыз.

Кішіге ізет көрсету де үлкен жауапкершілікті, асқан мейірбандылық пен махаббатты қажет етеді. Жүрегі жұмсақ адамдар ғана кішіге мейірімділік танытады. Ертеректе бір үйдің баласы, екінші үйдің тамағын жеп, ойнап, тіпті сол үйде қонып жүре беретін. Ешкім алаңдап, баласын іздемейді де сонда. Бір қазан тамақ жасалып, үйдегінің бәріне тартылатын. Қазақтың дархан көңілінің арқасы ғой!

Бұдан бөлек ел арасында ағасының өз інілерін жеткізіп, үйлендіріп, үйлі етіп жатқан неше жағдайларды естіп те, кездестіріп те жүрміз. Ол да болса әке аманатын орындап, кішілерге қамқарлықпен қарап жүргенінің мысалы.

Үлкенге құрмет көрсету мен кішіге ізет көрсету жалпы қазақта тәптіштеліп үйретуден емес, күнделікті тіршіліктен-ақ баланың бойына сіңіп кеткен сияқты. Өйткені тәрбие айтудан емес, көрсетумен ғана бойға сіңеді. Үлкен даналық жатқан бұл қағида шынында атадан балаға мирас болып келіп жатыр. Еш заңда жазылмаса да халықтың санасы мен тыныс-тіршілігіне сіңіп кеткен. Қазақта қай істі бастасақ та осы қағиданы біліп-білмей ұстанамыз. Қонақ күтсек, әуелі үлкендерді шақырамыз, үлкендерге амандасамыз, «басты» үлкендерге береміз, белгілі бір мәселені де алдымен үлкендермен ақылдасып, сол кісілердің батасын алып барып қана бастаймыз. Кішілер қызметін жасайды, сый-сияпатын алады, дегенмен оларды аяймыз, ауыр жұмысқа жұмсамаймыз. Еркелетеміз, тентектігін кешіреміз. Өмірдің өзі қарым-қатынастан тұратын болған соң: әркімге өз жолы бойынша құрмет көрсетеміз. Сәйкесінше өзіміз де құрметке бөленеміз. Өмірді жақсы сүру деген де осы емес пе?!

0,0(0 оценок)
Ответ:
samoilenkoludmi
samoilenkoludmi
28.01.2020 05:25

Сусыз адам өмір сүре алмайды,яғни барлық тіршілік . Су тіршілік көзі деген рас,себебі Сусыз тіршілік жоқ. сусыз шаруашылықта болмайды. Шөл жерде адам өмір сүре алмайды.Шөлде адамға ең бастысы су қажет.

Жануарлардың көбісі сусыз көп күн өмір сүре алмайды,бірақ түйе ғана бірнеше күнге сусыз жүре алады .Кейбір жерлерде су жоқ,себебі ол жерлерде күн ыстық .Солардың бірі Африка .Африкада су өте аз .Біз суды бағалауымыз керек,қорғап жүруіміз керек.Мысалы суды ластауға болмайды .Жәнеде Бұлақ көрсең көзін аш деп ие бекер айтпаған .Кейбір адамдар бар суды ластайды қоқыс тастап ,лай улы заттарды тастап.Ол адамдар табиғатты да қорлануы мүмкін .Мысалы жануарларға өсімдіктерге ағаштарға зақым келтіреді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота