Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады
Мен Қызылорда қаласында кентінде туып өстім. Қызылорда қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Қаламызда көптеген тарихи тұлғаларға қойылған ескеркіштер: Бұқарбай батыр, Жалаңтөс Бахадүр, Қобыланды, Үшалып, Сыр ана маноменттері бар. Қызылорданың ауылшаруашылығы күрішке, балыққа бай. Бізде мұнай өндірісі жұмыс жасайды. Үлкен әкімшілік ғимараттар, емханалар, ауруханалар, кітапханалар соңғы үлгіде жасалып жатыр. Елімізге еңбегі сіңген атақты тұлғалар өсіп өнген жер. Соның ішінде: Ғани Мұратбаев, Сабира Майқанова, Әбілдә Тәжібаев, Тұрмағамбет Ізтлеуов, Асқар Тоқмағанбетов сияқты еңбегі сіңген және тағы басқа көптеген аға-апаларымыз бар. Туған жерім мен үшін ыстық. Сол үшін Қызылордамды мақтан тұтамын.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/2415-jaz.html#title
© www.ZHARAR.com