Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030 жылғы жолдауындағы», мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ тәрбиесіндегі істерде де үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз деген еді.
Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жынды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы», - деп айтып кеткен ғой. Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып тұрған туа біткен қабілетін ашу, өнерге баулу мектеп мұғалімдерінің қолында. Біздің мектебіміз балаларды жан-жақты дамыту мақсатында «Өрнек» шеберқолдар, «Жас қаламгер» болашақ тілшілер, «Мәнерлеп оқу» көркемсөз оқушылар, «Домбыра» домбыра үйренушілер үйірмесі жұмыс жасап келеді. Үйірмелер оқушылардың бос уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік береді. «Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп» деп халық нақыл сөзінде айтылғандай бұл үйірмелердің берері көп және жеткен жетістіктері аз емес.
«Өрнек» үйірмесіне қатысушылар Павлодар облысында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткен «Ұлы өткен күндерге тағзым» атты байқауда «Қолтаңбалы өнер» номинациясына ие болды. Үйірме жетекшісі Рахима Қайраққызы аудандық қолөнер сайыстарына оқушыларын қатыстырып, жүлделерге ие болуда. Сондай – ақ «Жас қаламгер» үйірмесі мектеп оқушыларына арналған ай сайын мектеп газетін шығарып, үйірме мүшелері аудандық, облыстық басылымдарға мақалаларын жариялауда. Үйірме мүшесі Сансызбаев Аңсат облыстық «Абай оқулары» сайысына,
биыл мектеп түлегі, үйірме мүшесі Қабдуахит Мәди облыстық «Журналистика мамандығын таңдаймын » конкурсына жолдама алды. Мектеп оқушыларымен құрылған мектептің домбыра оркесторі аудандық сайыстарға үнемі қатысып келеді. Биылғы оқу жылында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен аудандық «Ұлы дала дауысы» ұлттық аспаптар байқауында І орынға ие болды. Биыл ғана құрылған «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің мүшелері жыр жаттап , аудандық оқуларға қатысып келеді. Қайролла Назым сынды оқушымыз ақындардың жырын жаттап,облыстық сайыстарға баруға дайындық үстінде.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші балаға дер кезінде бағдар беру, қабілетін анықтау, оның бойында тасып тұрған күш-қайрат, жігерін орынды жұмсауға үйрететін – алдымен ата-ананың, онан соң ұстаздардың міндетінде. Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», - демекші, бала тәрбиесіне отбасында өмірге келген күнінен бастап айрықша мән берейік
Ақтамберді Сарыұлы 93 жыл өмір сүрген, яғни 1675–1768 жж. дəуір кешкен. Ол күреске ерте араласқан жауынгер-жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мəселелерін жырларында жақсы бейнелеген. 1738–1752 жж. қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, əділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған. Əлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды [1; 29].
Даңқты жыраудың азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп»,«Уа, қарт Бөгенбай», «Менімен, ханым, ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» жəне т.б. өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, отансүйгіштік күй-сезімдерге толы.
Үйірменің үйретері көп