5-тапсырма. Бос орындарға қажетті одағайларды қойып жазыңдар
- ... ! Көкқұс бүркіт алды, – дедім.
7 ... , байғұс, - деп қасыма таяп беріп, бүркіттің басын кері
— — деп шошып кейін шегінді. Басы қозының басындай ғоя
өзінің! - деді.
- Түнімен балақбау, аяқбау, тұғыр жасап ұйықтамай шыкты
... , жанға бермеспін. Бір бүркітші адамға көрсетіп баулытармын.
- ..., енді сол бүркіттің жайынан біраз әңгіме айтайын, - ден
сөзін бастап кетті.
- ..”, – деп бастады сөзін. — Мен Көкқұсты ішкі жақтан келген
жылы тек аяқтандырумен ғана болдым...
Одағайлар: жə, кәне, әй, сүйінші, пай-пай, ойбай,
Жеңге
Жеңге деген – ол менің ағамның сүйген жары. «Жақсы жеңгең - жарты анаң» дегендей, менің жеңгем өте асыл жан. Біздің үйге келін болып түскелі екеуміз апалы - сіңілі адамдардай болып кеттік, менің бүкіл сырларымды білетін, маған үнемі ақылын айтып, білмейтінімді үйрететін – осы жеңгем. Жақсы жеңге ғана болып қоймай, қайынжұртына инабатты келін, балаларына сүйікті ана.
Қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тәлім – тәрбиесінде жеңгенін орны ерекше. Қашанда өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдеріне әзілі мен қалжыңы араласа жүретін сыйлы, әрі сүйкімді адам болған. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атймын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.
Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.