5-тапсырма. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді та- уып, жасалу жолын түсіндір. Мен мектепті кеше ғана бітірсем де, қазір Қазақстандағы жалғыз универ- ситеттің бесінші курс студентімін. Газетке бірнеше мақалам шыққанмен, фельетон жазбадым. Оқуға он бес жылым кетсе де, диплом алдым. Олар 1944 жылы қыста тау үңгірінде тоғыз күн қоршауда қалғанмен, жауға берілмеді. Немістер дизельді двигатель әкелгенмен, тауды тесе алмады.
Əр ел өзінің əсемдігімен,білімді адамдарымен мақтана алады.Білімді болу үшін шет елден білім алу міндетті емес.Оқимын деген адам өз елінде-ақ оқи алады.Білім кез -келген азаматқа керек дүние.Сен егер білімді болсаң сен кез - келген жерде қалаған кезіңде жұмыс істеп өз наныңды таба аласың.Əр бір бүлдіршін білім алуға құқылы.Жəне ол тегін білім ала алады.Оқу немесе оқымау ол əр адамның өз қолында.Кішкентай кезінен оқып білім алса ертең ол оқығанының жемісін көреді.Адам əрқашан ізденісте болуы керек.Жан-жақты білім алуына болады.Ол үшін міндетті түрде шет елде емес өз еліңде оқуыңа болады.Сол себепті əр ұлт азаматы өз елінде оқуына мүмкіндігі жетерлік.
Алпамыс Гүлбаршынды алуға кеткенде, қалмақтың Тайшық ханы Байбөрінің жылқысын алып кеткен екен, әкесі Алпамыстың алдынан шығып, малының жау алғанын айтып, қатты ренжіс білдіреді. Алпамыс ел-жұртына ата, анасын, әйелін тапсырады да, Тайшық еліне жалғыз жол тартады. Оның аттанып шыққан түні Тайшық хан Алпамысты түсінде көріп, қалай ұстаудың амалын іздейді. Ол амалдарды табушы бір мыстан кемпір болады. Мыстан: «Балама қызың Қаракөзайымды берсең, Алпамысты ұстап беремін», - дейді. Хан қызын беретін болады. Кемпір батырды алдап қолға түсіру үшін 40 отау, 40 қыз алып, Алпамыстың жолын тосады. Кемпір Алпамысқа кездесіп: «Сенің жылқың үшін соғысып, бірдей өлді, жеңгелерің жастай жесір қалды, түсіп, көңілін аула, қонақ бол», - деп алдап үйіне әкеледі де, мас етіп, қолға түсіреді.