5-тапсырма. Ақпараттарды мәтін бойынша ретімен орналастыр. Бұл үлгідегі ескерткіштер көбіне-көп Түркіменстанда
кездеседі.
11
Алаша хан күмбезін, сондай-ақ Қазақстан жеріндегі
Айша бибі, Жошы хан, Қожа Ахмет Ясауи кесене-
лерінің үлгісімен салыстыруға болады.
Алаша хан күмбезі - Ұлытаудағы сәулет өнері ескерт-
кіші. .
Күмбездің шынайы қалпын онымен тұстас, сәулеттік
үлгідегі ортақ жәдігерлермен салыстыру арқылы елес-
тетуге болады,
6-сынып көмек керек
100-бал
Бабаларым,
Рақмет сендерге,
Балаларым болмасын деп көр-кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым,
Рақмет сендерге!
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың айтпай кеткен сырларын,
Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын,
Қобызыңның шанағынан тыңдадым.
...Сыр ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашпайды тау-тастағы іздерің.
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,
Домбыраңның пернесінен іздедім,
деп ақынымыз Мұқағали атамыз бабаларына рақмет айта отырып, қобыз бен домбыраның жазылмаған дастандар мен аңыздардан күй шертетінін өз өлең жолдарында тағы да айта кетті. Қазақ халқының өзгелерден ерекшелігі ұлттық аспабының, ұлттық музыкасының болуында. Осындай киелі аспаптарды, оларда тартылатын күйлерді бізге мұра етіп тастап кеткен бабаларымызға мың тағзым жасасақ та аздық етпес. Бұл рухани байлық атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынамызға айналған. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Домбыра күйлері уақыт өте келе халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып, түрленіп, жаңарып отырды. Күй бұл қазақтың екінші тілі десек те артық емес. Күй өнері – шексіз өнер. Тарихтың ұзақ көшінде қазақ халқына ғана тән, ерекше дамыған, өнердің бірі де, бірегейі – күй өнері. Ұлы дала салтында саусағынан бал тамған күйшілерді сол елдің ханымен қатар бағалаған.
Бұлт — атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен 2 — 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады. Бұлттарды құрайтын су түйіршіктерінің және мұз кристалдарының көлемі ұлғайып, олар бұлттардан бөлініп, атмосферадан жауын-шашын түрінде (жаңбыр, қар, ұлпа, бұршақ т.б.) жер бетіне түседі. Бұлтты құрайтын тамшылар өте ұсақ, диаметрі бірнеше мкм-ден 200 мкм-ге дейін болады. Бұлттағы сұйық судың құрамы тым аз, Бұлт ауасының 1 м3-не шаққанда 1 г-ның бірнеше жүздік бөлігінен бірнеше г-ға дейін ғана жетеді. Бұлт ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады (ауады). Олар биіктігіне қарай негізгі 4 түрге ажыратылады: жоғары ярустағы (қоңыржай ендіктерде 6 км-ден жоғарыда), ортаңғы ярустағы (6 км-ден 2 км-ге дейін), төменгі ярустағы (2 км-ден төмен) және вертикаль бағытта пайда болатын (асты төмен яруста, үсті жоғары немесе ортаңғы ярустарда)