В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Dyrochka22
Dyrochka22
20.12.2020 21:31 •  Қазақ тiлi

5-сынып «Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика
Бос уақыт және хобби. Морфология

Оқылым
Тапсырма - 1

1. Екі мәтінді салыстырып, олардың стильдеріндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз.

А мәтіні
Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды
– Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?
– Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүргенде, қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кетті. Мектеп уақытында суретке түсіру мен үшін хобби болатын, ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.
– Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз?
– Маған табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, ал студияда жарықтардың, көлеңкелердің қосындысын қолдану бір керемет әсер береді. Дегенмен де табиғаттың орны ерекше ғой!
– Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?
– Ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам есімде. Сол уақытта несиеге фотоаппартты сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы қаржы емес, бастысы - суретті сапалы түрде шығару.
-Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев

Ә мәтіні
Ақпараттық хабарлама
1 маусым күні сағат 10.00-де Республика Сарайы алдындағы алаңда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді.

Бағдарлама аясында: «Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі.

1 маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады. Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің ба з қызметі.

А мәтіні Ә мәтіні
Стилльдері
Ерекшеліктер

Екі мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетіңіз.
А мәтіні Ә мәтіні
Не туралы?
Негізгі ақпарат:
Қосымша ақпарат:

Показать ответ
Ответ:
jessikafox
jessikafox
20.06.2021 08:14

алдымен, оқшау сөздер деген не екенін айтып кетейік

оқшау сөз - сөйлемнің құрамында тұрса да , басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше.

оқшау сөздің 3 түрі бар : қаратпа сөз , қыстырма сөз жəне одағай сөз.

Мысалы: Самат,ертең сынақ болады.Ұялма,балам,жоғары шық.Ендігі кезек сенде, қарағым.

бұл 3 сөйлем қаратпа сөздерден тұрады (Самат , балам, қарағым )

Қыстырма сөз : Меніңше , сенің айтқаның дұрыс. Бұларды , əрине жасау керек. Өзі осында келген шығар, сірə ?

Одағай сөз : Аз сабыр етсең қайтер еді , ə ?

0,0(0 оценок)
Ответ:
asdf2033
asdf2033
18.02.2021 02:08

Қазіргі заманғы әлем жаңа өнімдердің барлық түрлеріне толы: ғылым, техника, медицина. Адамдар, әрине, әртүрлі салаларда осындай білімге ие болмаған шығар. Ғажайып заттар мен құбылыстар бізді қоршайды. Бүгінде бейнелеп айтқанда, сіз өз қалтаңыздан жаңалықтарды ала аласыз, тек ақпараттық аймақта бар желіге қосыласыз, сізден мыңдаған километрге дейінгі адамға хабар жібере аласыз. Ақпараттық технологиялардың арқасында алыс және жақын шетелдерде, басқа елдерде және қалаларда танысуға болады.

Ғылым көп қызықты және пайдалы болды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота