5. Мәтіннен бірнеше сөйлемді «етістік+-ғанда, -генде, -қанда, -кенде» формасында жазып шығыңыз.
Тәуелсіз ел – экономикалық, мәдени, әлеуметтік бағыттары айқын ел. Шын мәнінде, ешкімге тәуелді болмау үшін мемлекеттің өзінің даму жоспары болуы тиіс. Республикамыздың дамуына арналған бірнеше бағдарламалар мен жоспарлар бар. Ол бағдарламалар: Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы, денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, тағы басқалар.
1993 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін әлемнің маңдайалды университеттерінде мыңдаған жас білім алды. 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Серпін» бағдарламасы да ел жастарын қолдаудың бір жолы.
2017 жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Осы мақаладан кейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олар – «100 жаңа кітап», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары, «Туған жер» бағдарламасы.
«Туған жер» бағдарламасы - туған еліміздің тарихын тануға арналған бағдарлама. Елбасы жергілікті биліктің бұл бағдарламаны жинақылықпен және жүйелі¬лікпен қолға алуын тапсырды. Бұдан өзге «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар бар. Олар ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
«Наурыз-думан» әнін 1988 жылы филар-монияда өткен концертте алғаш рет орындалған. Сол жолы әнді танымал күйші Абдулхамит Райымбергеновтің жетекшілігіндегі «Мұрагер» ансамблі сүйемелдеді. Шын мәнінде, бұл ән бірден тыңдау¬шыларының көңілінен шығып, сәтімен тұсауы кесілген туынды болды. Алматыда, жалпы елімізде сол жылдары Наурыз енді-енді тойланып, өзіндік бағыт, баға алып жатқан тұсы еді. Сол кезде қазақтың өте таланты композиторы Талғат Сарыбаев ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазыл¬ған «Наурыз-думан» әнін жазды.
Наурыз-думан әні әні: Т.Сарыбаевтікі сөзі: М.Мақатаевтікі
Наурыз айы туғанда, Той болушы еді бұлмаңда. Сақталушы еді сыбаға, Сапарға кеткен ұлдарға, Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз күні игі, Күні игі жердің түрі игі! Бауыры жылып науат қар, Бабымен ғана жібиді. Наурыз, наурыз күні игі, Күні игі жердің түр іигі! Шашылып ырыс шанақтан. Шақырып бір үй бір үйді, Шаттанушы еді бір игі!
Осынау игі кең жерге, Наурыз айы келгенде. Наурыз тойын бергенде, Көрмегендер де арманда, Арманда оны көрген де. Келіп ем өмір-орманға, Наурыз айы келгенде.
Табиғаттың жеті кереметі
«New7Wonders Foundation» атты швейцариялық қор табиғаттың 7 кереметі жайлы жаңа тізім жасады. Табиғаттың 7 кереметін таңдауда көпшіліктің дауыс беру нәтижесі атылмыш қордың мүшелерін де таңқалдырыпты.
Әлемдегі әрбір адам қатысуға хұқылы болған дауыс беру 2011 жылдың 11 айының 11-і күні таңертеңгі 11 сағат 11 минутта аяқталғаны хабарланды. Ал енді «Табиғаттың Жеті ғажайыбының» жаңа тізімінде Аргентинадағы Игуасу сарқырамасы, Бразилиядағы Амазонка өзені, Вьетнамдағы Халонг шығанағы, Индонезиядағы Комодо аралы, Оңтүстік Африка Республикасындағы Тэйбл тауы, Оңтүстік Кореядағы Чеджудо аралы және Филиппиндегі Пуэрто-Принсеса деп аталатын жер астынан ағатын өзен бар.
ЖЕТІ КЕРЕМЕТ
01-ҚАҢТАР 1970 ҚАРАЛДЫ: 68397 РЕЙТИНГ:
Қазақтың жеті кереметі.
1. Таңбалы тас суреттері 7. Астана - Бәйтерек
2. Алтын адам 6. Маңғыстау жерасты мешіті
3. Қазақтың киіз үйі 5. Иассауи кесенесі
4. Домбыра
ЖЕТІ КЕРЕМЕТ
Әлемнің жаңа жеті кереметі
2007 жылы қолдан жасалған ескерткіш болып табылатын әлемнің жаңа жеті кереметі туралы біліп жүріңіз. Әлемнің көне жеті кереметінен Мысыр пирамидасы ғана сақталған.
ЖЕТІ КЕРЕМЕТ
Жамбылдың жеті кереметі
Жетз
Тараз қаласы «Баласағұн» орталық концерттік залында Жамбыл өңіріне қарасты «Облыстың 7 ғажайыбы» байқауы мәресіне жетті. Бұл байқаудың негізгі мақсаты - жергілікті тарихи-мәдени жәдігерлер мен ескерткіштерді насихаттау болатын.
Толығырақ...
Бірлігі жарасқан ел», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Береке басы – бірлікте» деген қанатты сөздерді жиі қолданамыз. Бізге бірлік не үшін керек? Бірліктің белгісін қайдан көреміз?
Берекені бетке ұстаған басы бір ел болу үшін мемлекетке татулық қажет. Мемлекет отбасыдан құралады. Әр отбасы өз ішінде ынтымағы жарасқан татулық сақтаса, еліміз де байы кедейіне қарасқан дамыған мемлекетке айналары хақ.
«Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, барлық жетістіктерінің негізі» деп еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, елді көркейтуге үлес қосамын, мемлекетті жетістікке жеткіземін деген әрбір жан өзінен бастап, қисынды қоғамды құруға қатысады.
Ертең жеке шаңырақ, бөлек отау болғанда араласатын адамдарымыз – қазір бір кеседен су ішіп жүрген бауырларымыз. Солар үшін жан беруге де әзірміз. Әрқайсысымыз өз сыңарымызды тапқанда, оларды естен шығармай, қарайласып тұру үшін қазірден бастап өзімізді жанашырлыққа, бауырмалдыққа баулуымыз керек.
Өз туған-туыстарымызға қырғи-қабақ көрсетіп, араласпай жүретін болсақ, өзге кісілермен тым жақын араласып, тату болғанымыздан пайда жоқ. Балапан ұясында мейірімділікпен, қамқорлықпен сусындап өссе, одан қатігез, қайырымсыз кісі шығуы мүмкін емес. «Дастарқан дарқанды болса, үй іші де шырайлы, бала-шаға да шат-шадыман» деген Бердібек Соқпақбаев.
Әр адам өз отбасындағы береке-бірлікті басшылыққа алса, мемлекет те ризықты, табысты болады. Мемлекетіміздің мықшегедей мықты, кемірілмес күшті болуы – жастардың қолында. Қазақстан жастары Ырыс алды – ынтымақ» сөзін әрдайым жадында жаттап, Мағжан артқан сенімді ақтайды!
Ырыс – дәстүрлі қазақ дүниетанымындағы материалдық игіліктің қасиеті мен киесін айғақтайтын ұғым. Халық санасында адамға бақ қонудың көрінісі – мал-жанның көбеюі, абырой-беделдің артуы, атқарған ісінің берекесі кіріп, еңбегі жануы Ы. дару арқылы жүзеге асатын құбылыс. Дәстүрлі қазақ дүниетанымы көпшіліктің Ы-ы артып, молшылыққа кенелуінің шарты береке-бірлігін күшейтумен байланысты, ал жеке тұлғаға Ы. даруы оның адамгершілік қасиеттерінің дамуымен байланысты деп білген. Бұл ұғым атадан балаға берілу арқылы ғасырлар бойы жалғасын тауып отырды. Ы. әулиелердің, Қыдыр, Ілиястың батасымен даруы мүмкін, сондықтан үлкенге құрмет көрсету, халық игілігіне, молшылығына қызмет жасау әр ер-азаматтың басты мақсаты. “Елде болса, ерінге тиер” деген мақалда Ы. дарудың шарты – жеке бастың ғана пайдасын ойлаған тоғышарлықтан гөрі, ел мүддесін көздеген көпшілдік екені көрінеді.[1]