В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
WakaAmigo
WakaAmigo
21.07.2022 13:58 •  Қазақ тiлi

5-бөлім Б) Кестедегі сөздер анықтауыш және пысықтауыштың рөлін атқаратындай сөйлем
құраңдар.
Пысықтауыш
Анықтауыш
Мысалдар
қатты
жақсы
арыстандай
түзу
Қисық
ұзын​

Показать ответ
Ответ:
Kvodan123
Kvodan123
02.11.2021 01:59
Біздің есігіміздің алдында шағын ғана бақшамыз бар. Көктем басталғалы бәріміз сол бақшамызда жұмыс істейміз. Бақшадан жылда жақсы өнім аламыз. Көкөністерді ешқашан базардан немесе дүкеннен сатып алмаймыз. Қияр, қызанақ, жуа, қырыққабат, қызылша, картоп, сәбіз  бәрі-бәрі бар. Жаздай тойғанымызша жейміз. Артылғанын  түрлі салаттар жасап, қысқа сақтаймыз. Қияр, қызанақтарды анам кәдімгі банкіге  тұздайды. Ал, қырыққабатты үлкен бөшкелерде тұздаймыз. Жалпы, бақша(огород) болған өте жақсы. Өнімі қыстай, жаздай тамақ.
0,0(0 оценок)
Ответ:
andreyyurinp06nhg
andreyyurinp06nhg
25.05.2021 15:57

Хакім Абайдың заманынан келе жатқан қазақ бойындағы ең жағымсыз әрекеттің бірі – ақиқаттың байыбына бармай, істің тереңіне бойламай «домалақ арыз» жазу. Жалғандағы ең бір жағымсыз дүние – өзінің нақты кім екендігін айтуға жүрегі дауалмайтын, жасырын есімнің артына тығылып жалған ақпарат таратқан адамға жауап беру.

Қазақстанның ба з кеңістігінде, журналистика, руханият, білім саласында да Сардар Әбдіжақия деген адам бар екендігін естімеппін. Көп адамнан сұрадым. Ешкім білмейді.

Дегенмен, жазу стилі «арыз жазу ғылымдарының докторы» іспеттес «жазғышбек» бір адамды еске түсіретін Сардар Әбдіжақияға елордалық өнерге іңкәр балалар мен жасөспірімдердің атынан жауап берейін.

Кез келген мемлекеттің өркениетті елге айналуына, адамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруіне ықпал ететін басты фактордың бірі – ұлттың рухани болмысы, мәдени құндылықтары, өнері. Бұл ешқандай да дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

Елбасымыздың астананы осы Сарыарқаның төріне көшіруіне де сол биік мақсат, елдік мүдде арқау болды. Еуразия кеңістігінде теңдесі сәулеті мен руханияты, өнері мен мәдениеті ерекше жарасым тапқан елорданы тұрғызу еді.

Арман ақиқатқа айналды. Мақсат орындалды. Елордамызды төрткүл дүние таныды. Жиырма екі жылға қадам басқан елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында әлемді аузына қаратқан мәдениет ордалары бой көтерді. Қазақ Ұлттық өнер университеті мен Хореография академиясы, ұлттық музей, ұлттық кітапхана, сондай-ақ отандық және әлемдік классикалық бірегей туындыларды сахналап жүрген «Астана Опера», «Астана Балет», Академиялық филармония, «Қазақконцерт», «Астана Мюзикл» ұжымдарымен бірге Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының заманауи талаптарға сай салынған жаңа ғимаратының да санаулы күнде тұсауы кесіледі.

Мұндай кәсіби өнер ұжымдары – ұлттың мәдени бренді және халықты рухани құндылықтармен тілдестіретін қасиетті шаңырақтар.

Осынау рухани ордалардың талғамы биік, өресі озық бекзат көрермендерін тәрбиелеу – бала жастан басталады. Себебі, елдің ертеңі жас ұрпақтың ұлағаты мен тағылымына байланысты.

Нұр-Сұлтан қаласында жас балапандарымыздың сүйікті шаңырағы – «Қуыршақ театры» бар. Немерем Айзере екеуміз – бұл театрдың тұрақты көрерменіміз. Қуыршақ театрының көрермендері – 3-7 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Репертуарлық саясаты да осы жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған.

Ал 13 жылдық тарихы бар «Жастар театры» ұжымының негізгі көрермені – жоғарғы оқу орындары мен арнайы кәсіптік оқу орындарының студенттері мен елордалық жұмысшы жастар тобын құрайды. Атауы айтып тұрғандай, Жастар театрының репертуарындағы қойылымдар 16-40 жас аралығындағы көрермендерге арналған.

Екі театрдың ортасында тек театр ғана емес, музыкалық жағынан қамтылмаған ұрпақтың ең негізгі бөлігі қалды. Олар – 8 бен 15 жас аралығындағы балалар мен жасөсіпірімдер, яғни мектеп оқушылары.

«Жаңадан ашылатын жастар мен жасөспірімдер театры не үшін қажет айтыңыздаршы?», – деп жазыпсыз.

Біріншіден, театрдың заңды атауын дұрыс жазған жөн – «Музыкалық жас көрермен театры» (орысша атауы «Музыкальный театр юного зрителя»).

Мемлекетімізде бірер жылдар бұрын жаңадан мекеме ашуға мараторий жарияланған заң бар екені белгілі. Ол заң бәріне ортақ. Ендеше, Нұр-Сұлтан әкімдігі де заңды аттап өте алмайды.

Сондықтан, қала әкімдігі жаңадан театр ашты деу – қате! Елордада қала бюджетінен шығын шығарылып жаңа театр ашылған жоқ. Бұл басы ашық нәрсе. Музыкалық жас көрермен театры – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысымен және мемлекеттік органдарда жарғысының қайта бекітілуіне байланысты бұрынғы балаларға қызмет еткен «Достық» спорт комбинатының негізінде жұмысын жалғастыруда. Яғни, комбинаттың әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері музыкалық жас көрермен театрының қарауында қызметтерін жалғастырады.

нда арнайы көтерілген басты мәселенің бірі – отандық балалар әдебиеті мен драматургиясының арнайы жеткілікті дәрежеде насихатталмауы еді. Бұл туралы сенатор Н.Жүсіптің пікірі кейін ба з беттерінде жарияланып, халық қолдауына ие болды. Сондықтан еліміздегі өзекті мәселенің бір тетігі шешімін тауып, отандық балалар әдебиетінің озық үлгілері мен балаларға арналған музыкалық шығармаларды дәріптейтін шағын мәдени ұжымда, жас артистермен бірге өнерге қабілетті жас дарынды мектеп оқушылары да өз шығармашылығын шыңдайтын болады. Бұл жерде елордамыздағы мүмкіндігі шектеулі балалардың талантын шыңдау да көзделген.

Сондықтан да 8-15 жас аралығындағы балаларды, яғни оқушыларды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу және олардың рухани әлеуетін жетілдіру – музыкалық жас көрермендер театрының мақсаты.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота