4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары I.Оқылым.Азаматтығы бар робот !
2015 жылы Hanson Robotics компаниясы іске қосқан София есімді робот қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, адамның эмоцияларын қайталай алады. Әлемнің әртүрлі бөлігінде қаншама сұхбатқа қонақ болған киборг 2017 жылы Сауд Арабиясының азаматтығын алды. Бұл елде азаматтық беру процесі қатаң әрі ұзақ екенін ескерсек, адамның қолы қиындықпен жететін фундаменталды құқыққа темірден жасалған «әйел» ие болғаны жасанды интеллектінің болашағы барын көрсетсе керек. Осыдан бұрын Сауд Арабиясы шөл далада NEOM деп аталатын «ақылды қала» салатынын мәлімдеген еді. Араб мемлекеті ханзадасының айтуынша, толықтай күн мен жел энергиясы есебінен электр қуатын өндіретін, өзін-өзі басқарушы интеллектуалды көлік жүйесі бар қалада тірі адамнан роботтың саны басым болады. Шетелдік ақпарат көздері әлі құрылысы аяқталмаған қаланы қазірдің өзінде «Роботтардың Меккесі» деп атайды.
Новосібірлік ғалымдардың көмегімен орыс тілін меңгерген Софияның қабілеті күн сайын жетілдіріліп отырады. Актриса Одри Хепберннің сыртқы сұлбасына ұқсап құрастырылған роботтың бір сұхбатында «Мен а ң көзін жойғым келеді» дегені оған ерекше танымалдылық сыйлады. Бүгінде Софияға ұқсайтын киборгтер көп. Солардың бірі – 1966 жылы Джозеф Вейценбаум жасаған Элиза есімді виртуалды дос. Ол бағдарламалау жүйесіне енгізілген сөздерді пайдаланып, алдына келген адамға сұрақтар қояды және олардың әңгімесін тыңдау арқылы психотерапевт рөлін сомдайды. Қазір Элизаның әлдеқайда жетілдірілген нұсқалары бар. Жапониялық Ян-Янның сырт келбеті адамға қатты ұқсайды және ол сізді құшақтап, сезімін білдіре алады. Сингапур технологиялық университетінің жобасы саналатын Надин есімді робот жоғары оқу орны қабырғасында қызмет етеді.
Біз роботтарды алғашында адам денсаулығына зиянды ауыр жұмыстарды атқару, ақыл-ой еңбегіне салмақ түсіретін қиын есептеулерді аз уақытта жүзеге асыру, осылай жұмыскерлер өміріне төнетін қауіпті кейін шегеріп, еңбек өнімділігін арттыру үшін құрастыра бастасақ, соңғы кездері темір интеллектуалдарға барынша адамға ғана тән қасиеттердің бәрін енгізуге күш салып жатырмыз. Сондықтан роботты бәсеке жағдайында а да шаң қаптырып кететін қасиеттерге бейімдеу бір күні олардың адам басқаруынан шығып кетуіне әкелуі де мүмкін шығар деген қауіп бар.
А) Көзделген аудиториясы кімдер?
Ә). Мәтіннің негізгі ойын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
Б.) Мәтіндегі мәселеге қатысты автор көзқарасын анықтаңыз. Дәлелдер келтіріңіз.
Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.