4-тапсырма. «Жазғы Олимпиада ойындары» тақырыбында берілген мәтіннен мәліметтер жинақтап, постер не сызба-кесте жасаңыз.
Бастауын ежелгі Грекия жерінен алатын әйгілі олимпиада ойындарының 2012 жылы
Лондон қаласында өтетіні осыдан 7 жыл бұрын анықталып қойған еді. Еншісіне Жазғы
олимпиада ойындарын өткізу бұйырған Лондон қаласы әлемдік 9 қаланың ішінен таңдап
алынды.
Олимпиада ойындары 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы
Лондон қаласында өтті. Лондон Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала
болды. Оған дейін Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын. Лондон
қаласында Олимпиада алауы жағылды. Жазғы олимпиадалық ойындарының салтанатты
ашылуы Елизавета II патшайымна бұйырды.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық- ғылыми ойының тарихында құрметті орын алады. Аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтары туралы толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-қатерге қарамай белді буып, батылдықпен саяхат жасады. Шоқан өз сапарын елдің жағрафиясын, тарихын, әдет-ғұрпын, тұрмысын зерттеп білуге пайдаланды.
Шоқан Уәлиханов артында мол ғылыми мұра қалды. Ол Орта Азия мен Қазақстанның тарихына, жағрафиясына, этнографиясына арналған аса маңызды қыруар еңбектер, қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған шығармалар қалдырды. Сонымен бірге Шоқан өзі зерттеген елдерді картаға түсіру ісіне елеулі үлес қосқан ғалым. Әрі бірнеше тілдерді жетік білгендігінің арқасында көне ескерткіштер мен деректерді де түпнұсқалары бойынша зерттеді. Өз халқының жарқырап туған жұлдызы болған ол өз заманының аса көрнекті ғалымдары арасында тарих ұсынған лайықты орнында тұр.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов осылай жазған екен. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында баға жетпес мұра қалдырған Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына орай орыс тілінде «Ш.Уәлиханов. Энциклопедия» жинағы жарық көрді. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Қабиденұлының жетекшілігімен құрастырылған бұл еңбек тек ғылыми ортаға емес, барша оқырман қауымға берері мол басылым болып табылады. Энциклопедия үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді алғысөз және академик Әлкей Марғұланның «Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметі» деп аталатын көлемді очеркі құраған. Бұл, әрине белгілі шоқантанушы-ғалым рухына деген құрмет. Барынша толық ақпарат берілген биографиялық және анықтамалық мақалалардан тұратын екінші бөлім - кітаптың басты ерекшелігі. Энциклопедия Шоқан Шыңғысұлының қаламынан шыққан автопортрет пен портреттерге, шежіре мен карталарға, осы күндері жасалған тақырыпқа сай түрлі-түсті фотосуреттерге бай. Үшінші бөлім профессор Қ.Әбуевтің «Шоқан Уәлихановтың әлемі» очеркімен, ақын, қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың «Шоқан Уәлиханов және Қаныш Сәтбаев» атты зерттеуімен қорытындыланған. Оқырмандарға жол тартқан осы бір құнды еңбек Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов феноменіне арналған кітаптардың, өмірбаянын зерттейтін ғылыми еңбектердің жаңа бір толассыз толқынына себепкер болуға лайық алғышарттарға ие.