4 -тапсырма. Жұптық жұмыс. Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық киім үлгісін суреттеңдер. Ол киім үлгісі қай жылы дайындалды, дизайнері кім болғанын анықтаңдар. Жиналған ақпарат бойынша жұпқа бөлініп, диалог құрыңдар. Бес жолды тақпақтың құрылымы: 1. тақырыпқа қатысты бір зат есім; 2. бірінші зат есімге қатысты екі сын есім; 3. бірінші зат есімге қатысты үш етістік; 4. бірінші зат есімді суреттеп толықтыратын төрт кілт сөз; 5. тақырыпты сипаттайтын бір синоним немесе метафора (зат есім).
Жолбарыс (лат. Panthera tigris) – сүтқоректілер класының мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң.
Range of the tiger including the western part 1900 and 1990Қазіргі кезде Ресейдің Қиыр шығысында, Үндістан түбегінде, Қытайда, Ява, Суматра аралдарында ғана кездеседі. 20-ғасырдың 50-жылдарына дейін Тұран жолбарысы Қазақстанда Сырдарияның төменгі ағысындағы қалың қамысты, тоғайларды мекендеген; осы өңірде соңғы жолбарыс 1933 ж., ал Балқаш жағалауында 1948 ж. атылған.
Тұрқы 160 – 290 см (ең ірілері 3 м-ден асады), құйрығының ұзындығы 110 – 120 см-дей, салмағы 200 – 220 кг (кейде 300 кг-нан артық). Еркегі ұрғашысынан ірі болады. Басы жұмыр, жүнінің түсі қызыл жирен, арқасы мен екі бүйірінде көлденең қара түсті жолақтары айқын байқалады. Құлағы қысқа, төрт қатар мұртшалары ірі қылшықты (ұзындығы 14 – 18 см).
Көзінің қарашығы ашық сары түсті. Сойдақ тістері өте ірі әрі өткір, иілген тырнақтары мықты, алдыңғы аяғы артқы аяғынан жақсы жетілген. Көбінесе, қоныс ауыстырып, жеке жүреді. Жабайы шошқа, бұғы, марал, елік, т.б. тұяқты жануарларды ұстап жейді, кейде малға, қасқырға, итке де шабады. Жолбарыс 2 – 3 күшік туады, оларды 5 – 6 ай емізеді. Табиғи жағдайда 40 – 50 жылдай тіршілік етеді. Дүние жүзінде жолбарыстың саны жылдан жылға азаюда. Мысалы, 2000 ж. жолбарыстардың жалпы саны 7 мың болды. Қазіргі уақытта жабайы ортада (13 мемлекетте) мекендейтін жолбарыстардың саны 3200 шамасында ғана қалды[3]. Сондықтан жолбарыстың барлық түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Жолбарысты қазақ халқы ежелден күштіліктің символы санаған. 12 - 13-ғасырларда Тоқтамыс хан соқтырған тиында жолбарыс бейнесі салынған.[4]