4 – тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, « Қазақстан – ежелгі ел» деген тақырыпта шағын мәтін құрап жазыңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда етістіктің шақтарын, сын –қимыл, мөлшер үстеу түрлерін, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. (50-60 сөз) Тірек сөздер: ежелгі ел, Еуразия құрлығы, шегара, шектеседі, Ұлы Жібек жолы, ұлан- ғайыр, қазба байлықтары т.б.
Есімше.
Қимыл-әрекетті білдірумен бірге есім сөздің де белгілерін білдіретін етістіктің түрі есімше деп аталады: көрген кісі, алған адам, оқылатын кітап, кірер есік, естір сөз, айтылмақ сөз т.б.
Есімшенің жұрнақтары :
1) –ған,-ген, -қан,-кен: жазған, көрген, айтқан, өткен т.б .
2) –ар,-ер,-р,-с: жазар, берер, сөйлер,айтпас, бермес т.б.
3) –атын, –етін,–йтын, йтін: қалатын., көретін, қарайтын, тілейтін т.б.
4)—мақ,–мек,–бақ,–бек,–пақ,–пек: тындамақ, естімек, қайтпақ, кетпек, жазбақ, кезбек т.б.
Есімше заттың белгісін білдіргенде, сөйлемнін анықтауыш мүшесі қызметін атқарады: Естілген сөздің жалған болуы мүмкін. Көрген көзде кінә жоқ.
Көсемше
Көсемше депнегізгі қимыл– әрекеттің қалай; қайтып жасалатынын білдіретін етістіктің түрі аталады. Мысалы, қарқылдап(қалай? ) күлді, күлімсірей( қалай?) қарайды, қасқайып(қайтіп?) тұра қалды,асықпай (қалай?) сөйлейді т.б.
Көсемшеніңжұрнақтары:
– ып, -іп, -п: бар-ып, көр-іп, сана-п, сөйле-п т.б.
–а, -е, -й: сыз-а, қал-а, бер-е, көр-е, сана-й, сөйле-й, келме-й, барма-й, т.б.
–қалы, -келі, -ғалы, -гелі: қайт қалы, кет-келі, тұр-ғалы, кел-гелі т.б.
–қанша, -кенше, -ғанша, -генше: қайт-қанша, өт кенше, бол ғанша, біл-генше.
Құрметті,әке!Құрметті, ана!
Сіздерді "отбасы күнімен" құттықтаймын!Отбасымызда жамандық болмасын, үй ішінен береке кетпесін. Сіздердің осы отбасының бақытты болып, өмір сүріп жатқандарына көп пайдаларыңыз тиді. Мені және кіші інімді осы кезге дейін бағып-қақтыңыздар. Бар жамандықтан сақтап, жаман атты қылмадыңыз. Сіздерге айтар алғысым көп. Осы (жас) жылдың ішінде әрдайым қасымнан табылдыңыздар. Сіздер құдды менің жердегі екі періштем секілдісіздер.
Ес білгелі маған жақсы тәрбие бердіңіздер. Өтірік айтпауға,ұрлық жасамауға, үлкенді сыйлауға үйреттіңіздер. Өскенде өз еңбектеріңіздің жемісін көресіздер, уәде беремін!
Тағы да мерекелеріңізбен!!!