4-тапсырма. сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар.
1. жолаушылар барлық рәсімдеулерден өту үшін әуежайға ал-
дын ала келуі тиіс.
2. әуе билетінің ұшу купонында көрсетілген уақыт ұшақтың
ұшып шығу уақыты болып табылады.
3. бүкіл рәсімдеу жұмыстарын орындауға қажет уақытты
қоса алғанда, сапар бюросының агенті ұсынған тіркелу уақыты
жолаушының ұшуына рұқсат етілген ең соңғы уақыты болып
табылады.
4. бекітілген уақыттан кейін келген жолаушылар ұшуға жі-
берілмейді және мұндай жағдай орын алған кезде әуе компаниясы
жауап бермейді.
5. барлық бағыттардағы тіркелу ұшып шығу уақытынан 40
минут бұрын тоқтатылады.
6. ұшаққа кіру есіктері (қақпалар) ұшып шығу уақытынан 15
минут бұрын жабылады, сондықтан ұшаққа кешігіп қалмауыңыз
үшін белгіленген уақыттан ертерек келуіңіз маңызды.