В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Yaroslava1902
Yaroslava1902
04.05.2021 05:05 •  Қазақ тiлi

4-тапсырма мәтіндегі ақпаратты "төрт сөйлем" тәсілін пайдаланып айт.

пікір. оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

дәлел. өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде

мысал. пікіріңді өмірмен байланыстырып мысал келтір.

қорытынды.тақырып бойынша

ң əрбір күні, əрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі қажет. уақытын, бойындағы қайрат-жігерін,аұыл-ойын өмірге, өзі үшін де, өзгелей үшін де, игілік жасауға жұмсауы тиіс. уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп келеді. сондықтан өмірдің əрбір стіне бір күндік қызықтармен ғана өткізбей, өмірді мәнді, мағыналы өткізуге тырысу керек. қазіргі шақ- ң өмірінің қайратты да мүмкіндігі мол тамаша шағы. ендеше, жастықтың бір күні сенің бүкіл, өміріңе азық болады. "уақыт бар ғой! "- деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма! өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. уақыт зымыран өтіп жатыр. ол ешқашан тоқтамайды. расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана аһ ұрамыз. демек, уақыт- берліген өткінші бағалы зат. уақыт қайта айналып келмейді.

халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан, алтынға . алтының əзірше өзіңде. оған басқалар көз саламасын десең, дұрыстап сақта. əрбір жыл,ай, апта, бір күн, бір сағат, бір минут, бір секунттың өзіндік кұны бар. осыны түсіне бір!

Показать ответ
Ответ:
max5569496
max5569496
02.01.2023 22:20

Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

Объяснение:

на

0,0(0 оценок)
Ответ:
svetamoroz73
svetamoroz73
30.03.2021 00:49

Досыма хат.

Сәлем, Алина! Қал – жағдайың қалай? Үйіңе аман – есен жеттің бе? Мен қазір саған ауылдан хат жазып отырмын. Екеуміздің халықаралық балалар орталығында танысқаныма өте қуаныштымын, енді осы хатымда мен саған Қазақстанның көрікті жерлері жайлы айтып кеткенді жөн көрдім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота