В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
kseny07
kseny07
24.01.2022 01:09 •  Қазақ тiлi

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Оқиға қалай өрбіді? Әңгіменің композициялық құрылымын анықтаңдар (оқиғаның басталуы, оқиғаның
шиеленісуі, оқиғаның шарықтауы).
Жаңабергеннің қызыл күрең жүзі шамалы қуқыл тартты. Тісін
аршамен шұқып жатып:
Махамбет қарағым, енді не істемексің? - деді.
Қару жию керек. Еркек кіндікті атқа қондыру керек. Сіз
бастаңыз, мен қостайын.
Жаңаберген Ықыластың бетіне қарады. Ықылас саусағын сыртыл-
датып: - Еркектерді Жайықтан өткізе алсақ... дей бергенде,
Махамбет:
Серкесі болсаң, өтеді. Ал егер сасық текедей бақылдап, артқа
шегінсең, құрдымға кім түседі?
Ықылас:
- Е, ... - деп Махамбеттің үстіне қона түсті.
Малдас құрып отырған Махамбет жығылмады. Осы уақытта
Махамбетке төрт адам жабылып үлгерген. Екеуі екі қолын
қайыра бастады. Олар Махамбетке жармасып, батырдың тынысын
тарылтуға күш салды. Ықылас қазықтың қасында жатқан тоқпақпен
Махамбеттің басына ұрды. Махамбет ақтық рет «Әуес!» деп, сылқ
етіп сұлап түсті.
Т. Әлімқұлов, «Қараой» әңгімесінен

7-тапсырма. мәтіндер бойынша тірек сөздер қатарын жалғастырыңдар. осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құраңдар. тағдыр, өкініш,​

Показать ответ
Ответ:
Alexandro1888
Alexandro1888
10.03.2020 20:40

Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.

Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.

Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.

Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тәжірибе этнос аралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде.

Қазақстанның бірлігі күні барлық балабақшалардан бастап, мектеп, университеттерде, колледждер мен ЖШС, жекеменшіктегі кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдарда айтарлықтай атап өтіледі. Мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу

0,0(0 оценок)
Ответ:
VaneK12354
VaneK12354
23.02.2020 19:18

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері:

* Әділдікті мойындау - адал кісінің ісі.

* Опасыздық - ойсыздық.

* Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ.

* Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.

* Намысты нанға сатпа.

* Қарабет болып қашқанша - қайрат көрсетіп өлген артық.

* Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.

* Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.

* Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішін өлген артық.

* Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.

* Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

* Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.

* Ата-ана қадірін білмеген - ел қадірін біле алмас,

Ел қадірін білмеген - ата-ана қадірін біле алмас.

* Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?!

Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес.

* Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.

* Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту.

* Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота