4-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңді айт. Көтерілген мәселені өз ойын- мен жалғастыр. Сөз тіркестерін орынды қолдан.
Құс жолы
Құс жолы – біздің Күн жүйеміз орналасқан, торланған спираль тәрізді
галактика. Оның құрамына 200-400 миллиардтай басқа да галактика
кіреді. Ал олар өз ішінде жүздеген, мыңдаған тұмандық пен жұлдыз
шоғырынан тұрады. Құс жолы галактикасының бір бөлігін ашық,
қараңғы түнде арнайы аспапсыз-ақ көзбен көруге болады, ол жалпақ,
төгілген сүт жолағы тәрізді кейіпте көрінеді. Басқа да торланған спираль
тәрізді галактикалар секілді Құс жолы да галактикалық дискіден, шар
тәрізді шоғырдан және сәуледен тұрады.
Галактикалық дискінің құрамына ядро, орталық төмпешік және
спираль тұтқалар кіреді. Ортасында ядро орналасып, оны тор пішінді
орталық төмпешік қоршайды. Ал тұтқалар орталық төмпешіктің сыр-
тында айналады. Шар тәрізді шоғырлар галактикалық орталықты айна-
лып жүреді, ал сәуле ғаламшарды толығымен қоршап тұрады.
(«Ғалам» энциклопедиясынан)