4-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап бер Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді." "Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әртүрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді." "Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған." "Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады." 1)Домбырада күй ойнаудың қандай қағыстары аталады? б) бір түрі "төкпе" күйлер ә) екі түрі «төкпе» мен «шертпе» а)батыс және шығыс классикалық
Маңғыстау таулары-Маңғыстау түбегіндегі аласа таулар тізбегі.Біз осы таулардың Жер бедері жайлы қысқаша айта өтейік. Каспий теңізі жағалауынан солтүстік-солтүстік-батысқа, шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеле жатқан үш жотадан тұрады. Ең ірісі — орта тұсындағы Қаратау жотасының ұзындығы 130 км, биіктігі 350 — 450 м, ең биік жері — Бесшоқы тауы (556 м). Қаратау көлденең жатқан бірнеше ойпаңдар арқылы Шығыс Қаратау, Батыс Қаратау және Қаратаушыққа бөлінеді. Солтүстік Ақтау басқаларына қарағанда көбірек тілімделген және биіктеу (322 м). Терең жыралардың түбінен шағын бұлақтар (Аманбұлақ, Тұщыбек, Шоң, Оңды, Дойдан, Ағашты, т.б.) кездеседі.Және оның Геологиялық құрылымы жайлы да әңгіме қозғай өтейік. Қаратау жоталары пермь мен триастың қатпарланған құмтас, тақтатас, әктас және конгломерат жыныстарынан түзілген. Төбесі тегіс немесе сәл белесті келеді. Аласа таулы қырқаларды юра мен бордың құмды-сазды жыныстары жапқан ойысты жерлер қоршап жатыр. Екі жағынан Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталары өтеді. Олар Маңғыстау мегантинклиналінің қанаттарына сәйкес келетін куэсталардан тұрады.
Ал Кен байлықтары жайлы айтсақ,
Маңғыстау тауларында мұнай, тас көмір, фосфорит, марганец, мыс және темір кен орындары барланған. Беткейлердің етегінде тасбұйырғын, Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталарында жусан басым өсетін шөлді өңір жатыр. Жыл бойы мал жайылады.
Абайдың Семейдегі мемлекеттік-қорық мұражайында Ұлы ақынның 170 жылдығына, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 24 сәуірде «Абай - әлем тілдерінде» атты көрме ашылды.
«Ең басты мақсат – Абай әлемінің бар құдіретін, болмыс-құпиясын төтркүл дүниеге барынша мол таныту. Абайды жете таныту арқылы туған халқымыздың мәдени келбетін, қадыр-қасиетін, шыққан биігін, рухани жетістіктерін әлемге әйгілеу», - деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай көрмеде Абай мұрасын жан-жақты танытуға баса назар аударылды.
Объяснение: