4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Үзінді қай стильде жазылған (ғылыми, ауызекі, публицистикалық т.б.)? 1. Жалпыәлемдік өндірісте сұраныс мынадай: көмірге шамамен 30 пайыз, ал мұнай мен газға 67 пайыздан артық. 2000 жылы дүние- жүзіндегі мұнай қоры 140 миллиард тонна деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мұнай қорының 77 пайызы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 146 миллиард текше метр деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ қорының 41 пайызы тиесілі. 2. Дүниежүзілік мұнай қоры 200-300 жылға жетеді, ал, шынды- ғында, қолда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мұнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мұнай мен газ өндіру мөлшері шамамен 1 миллиард тонна, ал табиғи газ өндірісі 5 триллион текше метр болған. Ал 2000 жылы бұл көрсеткіштер 3,5 миллиард тонна және 23 триллион текше метрге кеткен. а Бейсенова жане т б Teoznach ПАТ
Объяснение:
Қазақ даласы қилы тағдырды басынан кешті. Дала төсінде ежелгі сақ, ғұн, түркі, қыпшақ тайпалары мекен етті. Сайын дала сол перзенттерін жат көрмеді, құшағына келгенін бауырына басып, табан тірер мекені болды.
1465 жылы Керей мен Жәнібек хан қазіргі Шу өңірінде Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде өмір сүру XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін жалғасты. Осы кезеңнен бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Ресей мен Кеңес Одағының құрамында болып келді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 60 пайыздан астамын қазақ ұлты құрайтыны бәрімізге аян.
XX ғасырдың басында қазақ зиялылары бастаған ұлт-азаттық көтерілісті өрістетті.Ол тарихта «Алаш қозғалысы» деген атпен енді. «Алаш қозғалысына» ат салысқан азаматтар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ұлы қайраткерлер 1917 жылы шілде, желтоқсан айларында өткен жалпықазақ съездерінде «Алаш» партиясын және «Алаш автономиясын» құрды.
Өткен ғасырдың соңына қарай Кеңес өкіметі ыдырап, соның нәтижесінде 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді.1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды, ал 1991жылғы 16 желтоқсанында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.
Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүниежүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр.Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінін аумағы жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді.
«Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, 1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 27 жыл да өте шықты.Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін...
Қазіргі таңда жас мемлекетіміз көптеген елдерден әлдеқайда алда тұр.Ол ауызбіршілікте, ынтымақта, туыстық қарым-қатынаста, жақсы ниетпен, өмір сүрдің айғағы.Мәңгілік Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен тиген жоқ, оны да естен шығармағанымыз жөн. Осындай еркін теңдесі жоқ, бостандықты алып берген ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір алғыс!
Дұріс болмаса кешір :(
Объяснение:
Шығарма: Ел болашағы жалынды жастар
Осы тақырыпты алған себебім, болашаққа деген үмітім зор екенімді білдіреді, қазіргі уақытта өмір сүргенімді мақтан етемін. Тәуелсіз Қазақстанның кішкентай ғана тұрғынымын, ұлтым башқұрт болғанымен қазақ тілін меңгеруге жетік, білуге бар ынтамды қосып жүрмін. Мектепте озат оқушылардың бірімін. Жан - жақты болуыма менің әжем де барын салып жүр, қазақ тілі үйірмесіндегі білгенімді жеке өмірімде де пайдаланып жүрмін, би үйірмесіне қатысып, енді ағылшын тілін де білуге үміттенемін. Өйткені, біздер үшін, біздің болашағымыз үшін мемлекетіміздің Елбасшысы үлкен еңбек етуде.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», - деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез - келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.
Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Стасистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегіадам санының 4, 5 миллтоннан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
Мен осылай деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек