4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Оқиға қалай өрбіді? Әңгіменің композициялық құрылымын анықтаңдар (оқиғаның басталуы, оқиғаның өрбуі, оқиғаның аяқталуы).
Ораздың қысқы соғымы қоян ғана. Оның үйі қоянды көбінесе
сорпа қылып емес, бәліш жасап жейді. Сол үйде үлкен қара таба
болады. Ораздың әйелі бәлішті осы қара табаға толтыра жасайды.
Үлкендігіне кісінің құлашы әрең жетерліктей зор бәліштің ішіне
қоянның етіне араластыра картоп та салынады. Бір бәліш екі үйдің
жанын лық тойғызады.
Ораз - әңгімешіл адам. Оның айтуынша, әкесі Қаша да аңшы екен.
Ес білгелі әкесінің қасына еріп, аңшылықты кәсіп еткен. Оның аң
аулауға қатысты әңгімелері көп. Оның әңгімелері балалар үшін қызық.
Ораз аңнан қайтса, жұрт оның әңгіме-кеңесін тыңдауға жиналады.
Аңшылық туралы әңгімелерінің арты күнкөріске келіп соғады.
Ауылда кім көп, кедей көп. Олардың бәрінің қолынан аңшылық
келе бермейді...
Жасағанның бергеніне шүкіршілік, - дейді Ораз, - маған байлық
біткен жоқ. Бірақ аңшылықтың арқасында ешкімге телмірген жоқпын.
С. Муканов. «Саятшы Ора за
"Тігіншіні инесі асырайды". Иголка кормилица портного.
"МЕЗГІЛ ЖЕТСЕ МУЗ ДА ЕРІР". Придет время и лед растает.
Жақсы сөз, жарым ырыс ---хорошее слово, пол удачи (дела) .
Адам итті жұмсаса, ит итті жұмсайды ---стоит ли довериться кому-то, который перепоручает третьему.
Жынды бас, екі айаққа тыным бермейді ---дурная голова, ногам покоя не даёт.
Жаман иттін атын бөрбасар деп қояды (плохого пса, волкодавом величать, непозаслугам) ---бывает и недостойного великим называют.
Говоря о парне : Жеті қырлы, бір сырлы ---загадочный красавец-удалец.
"Туған жерге туыңды тік" - Водрузи свой флаг на родной земле.
"Жері байдың елі бай" - Кто богат землей, у того богатая страна.
"Ер туған жеріне, ит тойған жеріне" - Джигита тянет туда, где он родился, собаку тянет туда, где она наелась.
"Бейнет қыл да зейнет қыл" - Потрудись, а потом и требуй.
"Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады" - Кто найдет источник труда, тот найдет само богатство.
"Жас келсе іске - кәрі келсе асқа" - Молодому дело - старому угощение.
"Малы бірдің жаны бір" - У кого скот общий, у того и душа едина.
"Мал ашуы - жан ашуы" - Боль за скот - боль души.
"Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - бес саулық" - Первое богатство - здоровье, второе богатство - семья, третье богатство - наличие скота.
"Қонақ келмеген үй - мола" - Дом, в который не приходит гость, подобен могиле.
"Қонаққа кел демек бар да, кет демек жоқ" - Гостю можно говорить "приходи", "уходи" говорить нельзя.
"Таспен ұрғанды аспен ұр" - На удар камня отвечай угощением.