4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіндегі мақалдар бойынша интонация компоненттерін анықтаңдар. Мәтін бойынша ой бөлісіңдер. 2
Yят
ең қадірлі қасиет. Адамзат бойында табиғи берілетін улы
құндылық. Ұят — жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа
кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау - масқара
болушылық. Қазақта «Өлімнен ұят күшті», «Ақылың болса, арыңды
сақта: ар-ұят керек әр уақытта», «Еңбек өмірді ұзартады, ұят бетті
қызартады», «Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді» деген мақалдар
қазіргі уақытта жиі қолданылады. Бала тәрбиесінде де, отбасында да
осындай тілдік құндылықтар арқылы ұлттық болмысымызды дұрыс
сақтауға тырысып келеміз.
Ұят туралы ұлыларымыз да айтып кеткен. Хакім Абай атамыз отыз
алтыншы қарасөзінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ»
деген. Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Мен ұят деген сөзді өте
жоғары бағалаймын. Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылық-
тың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазы-
Ры - ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы,
ұяты жоқтан шығады. Ұят - ең қымбат қасиет, ұяттыда
ұ,
яты бар-
көмектесіңдесіңдерш
2. Ты побывал в Астане? да-иә, нет-жоқ
3.Астана еліміздің ең сұлу қаласына айналды. Бұл қалада зәулім сарайлар, сауда орталықтары, бәйтерек, ханшатыр бар. Қала бұрыннан дамыған және әлі даму үстінде.
4.Менің ойымша Астана қаласын әлемнің ең әдемі қалаларының қатарына кіргізуге болады. Астана қазір әдемі қала, ал болашақта одан да әдемі болатынына сенімдімін.
Достықтың отаны Қазақстан
Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі мен берекесі тарқаған емес. Ұлт пен ұлыстың татулығы бүгінде елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтап отыр. Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған сарабдал саясатымыз мен Ата заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескерсек, тұрақтылық пен бейбітшілік үйлесім тапқан елміз. Сонымен қатар халықтардың өзара түсінушілігі мен берекесін тапқан бірлігінің арқасында да татулық діңгегі ажыраған емес.
Бүгінде егемен елімізді мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір кешіп келеді. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-сессиясында сөйлеген сөзінде «Біз жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік. Тұрақтылықтың бірегей үлгісін танытып, дамудың қазақстандық жолын айқындадық» деп айтқандай, осы жылдар ішінде еліміздің дамуына татулық пен бірліктің бесігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесінің зор болғанын ерекше атаған еді. Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы күннен-күнге жанданып, түрлі этномәдени шаралардың ұйытқысына айналып келеді. Ассамблея қарамағындағы 16 қалалық және облыстық кіші Ассамблеялардың жұмыстары да ауыз толтырып айтарлықтай болып отыр.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!