4-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, Абай шығыс, орыс, батыс әдебиетінен кімдерді оқығандығы туралы ақпаратты дәлелдейтін жолдарды іріктеп жазыңыз.
Абайдың өмірбаяны
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез
ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген. Әкесі Құнанбай қажы "Ескітам" деген
қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында
өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын
зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3
жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша
түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың
барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты
молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге
балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын
Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак,
тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай
білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ...
Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен
шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы
басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А.
Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов,
Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон
сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді.
Д. Исабековтің «Әпке» драмасының көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, «Д.Исабековтың «Әпке» драмасында сипат алған құндылықтар» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.
Жауабы: Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер - Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жан екенін байқаймыз. Ата-анасынан жастай айырылған ол - өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке " Қабен ол...ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар..." деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз. Драмада Ремаркалар тобының аздығы (Ремарка - қысқа түсіндіру түрінде келетін автор сөзі) бірден көзге түседі. Сондықтан Шығарма шиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялық мағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма.
Объяснение:
Объяснение:
Біздің елімізде 120-дан астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Олар Қазақстанды өз Отаны ретінде санайды. Тәуелсіздік алғаннан бастап, біз әртүрлі этностар арасындағы келісімді сақтай алдық. Ұлтаралық қақтығыстардың орын алуына жол бермедік. Елімізде қазақтардың саны көп болғанымен, біз басқа халықтарды кемітпейміз, керісінше, оларға өз мәдениетін, тілін және дәстүрін дамытуға мүмкіндік жасаймыз. Әрбір ұлттың дінін, тарихи мұрасын, және әдеп-ғұрпын құрметтеп, оларға шыдамдылықпен және түсінушілікпен қарауымыз керек. Өйткені, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, мемлекетіміздің ішкі саясатының негізгі бағыты болып табылады. Сталиндік тоталитарлық режим жылдарында, мыңдаған саяси тұтқындар Қазақстанға жер аударылды. Ал, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, Кеңес Одағында тұратын көптеген ұлттар біздің жерімізден баспана іздеді. Қазақ халқы, бұл қиын заманда қонақжайлық танытып, оларды жылулықпен қарсы алды. Барлық қазақстандықтар бір халықтай болып еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін сақтауға ат салысса, мемлекетіміз ары қарай өркендей береді деп ойлаймын