4- тапсырма. Берілген тіркестермен сөйлем құр, Составь предложения с данными словосочетаниями.
Подчеркни глаголы. (ауыспалы келер шақ)
Үлкейгенде жазады - напишет когда вырастет
Ертең барады - пойдет завтра
Келесі жылы сатады – будет продавать в следующем году
Кешке сөйлеседі — поговорит вечером
Түсте ойнайды - поиграет днем
Бағалы тауар - ценный товар
Қымбат киім – кешек – дорогая одежда
өзіңе керекті жерлерін жазып ал
Құмырсқалардың адамға пайдасы.
Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс қатайып, қар көп жауып, суытатын болады. Ал егер олар ұясына жәй жиналып жатса, онда қыс жайдары, жақсы болатынының белгісі болмақ.
Сонымен қатар құмырсқа адам денсаулығында да маңызды роль атқарады. Мысалы:
1. Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады екен.
2. Аяққа жара шыққанда да кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады.
3. Сонымен қатар оның илеуі де ем болады екен. Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.
4. Медицина ғылымында құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады екен.