В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Kit1gvore
Kit1gvore
13.01.2022 07:44 •  Қазақ тiлi

4-тапсырма Белгілі бір мекендегі шипалы өсімдіктер туралы (25-30сөз көлемінде) сипаттап жазыңыз.

Показать ответ
Ответ:
отличник733
отличник733
06.01.2021 12:27

ЬІқылым заманнан бері адамдар аурудың алдын алу және емдеу үшін табиғаттың байлығын пайдаланып келді. Дәрілік өсімдіктердің емдік касиетін Ежелгі Египетте, Үндістанда, Қытайда, Грекияда және т. б. елдердің емшілері білген. Айналамызда өсіп түрған өсімдіктердің негізгі бөлігінің емдік қасиеті бар. Бірақ біздер олардың қандай касиеті бар екендігін біле бермейміз. Оларды көбінесе арамшөптердің қатарына жаткызып, бау-бақшадан жұлып тастаймыз. Әсіресе, бақбақ, жолжелкен, қалакай, түйежапырақ, жусан және т. б. өсімдіктер. Соңғы кездерде дәрілік өсімдіктер қатарына кейбір мәдени өсімдіктерді де жатқызуда. Мысалға ақжелкек, сарымсақ, Пияз, сәбіз, орамжапырақ, шырғанақ, қарақат, т.б. Дәрілік өсімдіктерді дайындаған кезде арнайы ережелерді білу қажет. Қай кезде өсімдіктің қайсы бөлігін жинау керек. Себебі өсімдіктің әр түрлі бөліктерінде дөрілік касиетінің мөлшері бірдей бола бермейді. Біреулерінде тамыры (адамшөп, қызғылт семізот, түйежапырак, мия), келесі біреулерінде гүлі (кырмызыгүл, шашыратқы), күлмақтыц бүрі, қайыңның бүршігі, жөке ағашының гүлі, бөрікаракаттың тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, әсіресе жемісі пайдалы. Сонымен бірге өсімдіктердің дәрілік касиеті мерзімге де байланысты. Біреуін таң ата, екіншісін кешке, кейбіреулерін гүлдегенге дейін, екінші біреуін гүлдеп түрған кезінде жөне т.б. Мысалға, інжугүлдің гүлдегенге дейінгі жапырағының дәрілік қасиеті гүлдеген кезімен салыстырғанда бірнеше рет пайдалы. Көбінесе шөптерді және жапырақтарды гүлдеген кезінде, жемісін және түқымын толық пісіп жетілгенде жинайды. Ал тамырын шырын бөлетін кезінде, яғни жас кезінде дайындайды. Дайындауды негізінен күрғак, жылы күндері, түстен кейін жүргізеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота