4-тапсырма, 51-бет. Мәтінді оқы, сұрақтарға ауызша жауап бер. -Еспембет сайында не бар? -Асқар таулы мұздықтар немен тілдеседі? 4-тапсырма. Тыңда. Мәтінді оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің
мағынасын сөздіктен қара. Теңеу сөздерді анықта.
Біз Алакөлдегі Еспембет сайына бардық. Сайды өрлеп, жоғарыға
көтерілдік. Айнала
қалың шыршалы биік таулар, тік жартастар мен
мұздықтар. Ауа тап-таза. Салқын самал жел соғып тұр. Алыстан Жетісу
Алатауының қарлы шыңдары көрінеді. Асқар таулы мұздықтар аспан-
мен тілдескендей. Күн қызарып көтеріліп, айналаға нұр шашады. Айна-
ла - көк майса қалың шөп.
Таудың етегінде жабайы алма мен жидек тұнып тұр. Ертегідегідей
ғажайып көрініс!
Біз тауда қызғалдақ тердік, доп ойнадық. Кешке қарай алау жағып,
тамақ пісірдік. Шіркін, далада ішкен тамақтың дәмі де ерекше екен! Ша-
тыр құрдық. Тауда екі күн түнедік. Маған тауда түнеген керемет ұнады.
Сен тауда түнеп көрдің бе?
прочитать текс и ответь на вопросы
Адал еңбектің наны.
Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.
Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар қылып тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін.Себебі, біз еңбектенудің арқасында көптеген нәрселерге қол жеткіземіз. Мысалы, күнделікті ішіп- жейтін тамағымыз бен киетін киіміміздің өзі еңбекпен келеді.
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.
Менің ағам адал еңбегінің арқасында өз отбасын асырап отыр. Таң атқаннан бастап, кеш батқанша дейін малды баптап, соның арқасында ақша тауып, күн көріп отыр. Малды бағу да оңай шаруа емес - малдың жейтін шөбі, уақтылы алатын екпелері, жайлауға шығару, су беру деген сияқты шаруалар бастан асып жатыр. Ағам осы мал бағу шаруасына балаларын да баулып, өз еңбегімен тапқан нанның тәтті болатынын өз мысалы арқылы көрсетіп отыр. Сондықтан да «еңбек түбі береке» екенін жадымызда ұстаған абзал.
Объяснение: