4. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар. 1-деңгей. «Артық болмас білгенің» айдарында берілген мәтіннен сөздік қор мен сөздік құрамға енетін сөздерді топтап жазыңдар. 2-деңгей. «Артық болмас білгенің» айдарында берілген суреттер бойынша сөйлемдер құраңдар.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.