35. Максим Зверевтің «Мен қалай жазушы болдым?» мәтінін тү. сініп оқы.
1903 жылы мен сегізде едім. Әкем: «Баламды көктемгі
аңшылыққа апарам», – дегенде шешемнің көзі шарасынан
шықты. Сонда қос ат жеккен арбаның лайсаң батпаққа
күпшегінен* кіріп келе жатқанын ұмытпаппын. Табиғатпен
тасыған су жиегіндегі көгалда
қоян-қолтық келгенім*
қарсы алған таңым жадымда өшпестей болып қалыпты.
Үйге келген соң жаңағы сапарымды жазғым келді. Үлкен
сызықты дәптерге тұңғыш рет өңгіме жазып, әкеме көр-
сеттім. Менің емле қателерімді көргенде,
жаздыгүні
әкем жағасын ұстап, қызыл қарындашпен
көзілдірік
түзете бастады.
Арада бірнеше жыл өтті. Жаздыгүні тал
түсте иісі аңқыған пішен маясының төбесіне шықтым.
Тұс-тұстан құстар сайрайды. «Өз көзіммен көргенімді жаз-
сам қайтеді» деген құштарлық ерiкке қоймады. Бір өші-
ріп, бір жаздым. Қате қаптап жүр екен. Қателерімді түзеп,
жазғанымды әдемілеп көшірдім. Содан кейін әкеме көр-
сеттім. Ол кісі оқып шықты да, көзілдірігінің үстінен маған
таңдана қарады.
Мен ғалым-зоолог болсам да, «Жазсам-ау!» деген құмар-
лығым бәсеңдеген жоқ. Бүгін, міне, балалар, менің табиғат
жайында жазған 120 кітабым бар.
Менің кішкентай оқырмандарым, оқудан, үйренуден
жалықпаңдар.
Аударған Мұзафар Әлімбай •Мəтіндегі негізгі ой мен тақырыптың не туралы екенін анықта.•Мəтіннің соңғы бөлігіне ат қой. Қойған атың негізгі ойдың қысқаша атауы екенін дəлелде. • Мəтіннен біріккен сөзі бар сөйлемді тауып жаз.
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 773 387 адам тұрады. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.
Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.
Ел мен жер тағдырын елеңдетпейтін кезі жоқ. Ертеңге қалдырар, ұрпаққа табыстар мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да - сол елмен жердің тағдыр талайы. Арғы бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен тегін болмаған.
Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері болды.
Енді міне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе түгенделіп, жығылған ту қайта желбіреп, жоғалған елдік оралып, құлаған орда қайта бой көтергеніне де себепкер болып отыр. Қалай десекте Астана қазақтың бас қаласы болып, өскелең ұрпақтың жарқыраған жұлдыздай келешегіне өз үлесін қосары сөзсіз. Шынына келер болсам өз басым әлі күнге дейін елімнің ақ ордасын өз көзіммен көрген емеспін. Тек көз алдыма оның әсем көрінісі газет-журналдардан оқығаным, теледидардан көргендерім елестейді.