В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Машуник1
Машуник1
07.06.2020 19:33 •  Қазақ тiлi

34 қара сөздің мағынасы?
жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қата жібермейтұғынын. қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. және һәмманы жаратқан құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылғайды, жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп - бәріне сендік дейді. жоқ, онысына мен сенбеймін? олар сендім десе де, анық сенген кісіге уайым ойлап не керек? осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба береді. егерде осы екеуіне бұлдыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз? оны қайтіп түзете аламыз? оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз?

кімде-кім ахиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек: еш ң көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы - олар да бірдей болмайды. мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. олай болғанда, қай ң көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ахирет қайғысынан, ахирет қуанышынан артық болса - мұсылман емес. енді ойлап қарай бер, біздің қазақ та мұсылман екен! егерде екі нәрсе кез болса, бірі ахиретке керекті, бірі осы дүниеде керекті, бірін алса, бірі тимейтұғын болса, сонда біреу ахиретке керектіні алмай, екінші бір кез келгенде алармын деп, жоқ, егер кез болмайтұғын болса, кең құдай өзі кеңшілікпенен кешіреді дағы, мына кезі келіп тұрғанда мұны жіберіп болмас деп, дүниеге керектіні алса, енді ол кісі жанын берсе ахиретті дүниеге сатқаным жоқ деп, нануға бола ма?

ң бәрі - дос. не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың - бәрі бірдей екен. бес күндік өмірің бар ма, жоқ біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек - ол құдайға айтарлық сөз бе? құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына не лайығы бар? екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тәңір-ай! » деп таласа бергеннің несі сөз? оның несі ? ​

Показать ответ
Ответ:
OppLeech
OppLeech
30.03.2021 06:30

а) поэма деген эпостық жанрдың бір түрі;белгілі бір оқиғаны адам тағдырын сипаттайтын поэтикалық шығарма.

поэманың ерекшелігі ол көбіне сюжетке құрылып,кейіпкерлердің қарым-қатынасын,мінез-құлқын және т.б. сипаттайды.

дастан деген әдебиет жанры.Ол фольклордың саласына жатады.

ә) атастыру деген қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты."бата бұзу" сөзінің мағынасы батаны бұзу ,яғни ол қарғыспен тең.Ақын поэмада не болып жатқанын,яғни кейіпкерлердің сипаттамасын айтқысы келеді.Екі елдің арасына іріткі салу деген ол дұрыс емес.Себебі,егер екі ел ,яғни екі мемлекет бір бірімен араздасып жүрсе ортада жек көрініш пайда болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
12355567908753
12355567908753
21.09.2020 18:38

ӘКІМ ЫСҚАҚ

Әкім Ысқақ 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылында туған.

Шымкент педагогика институтының физика және Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1980 жылдан өзі оқыған Абай атындағы орта мектептің мұғалімі, 1990 жылы Бөген аудандық партия комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарындағы меншікті тілшісі.

1991 жылы халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесінің ба з хатшысы, 1992 жылдан Ордабасы ауданы білім бөлімінің меңгерушісі болған.

1995 жылы желтоқсанда баламалы негізде Қазақстан Республикалық Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

1999 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты қызметкері.

Қазақстан парламентаризмінде тұңғыш қазақ тілінде, әрі Үкіметке баламалы негізде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы.

Балаларға арналған «Котлет» атты тұңғыш сықақ әңгімесі 1977 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде басылған.

1989 жылы Самарқандта өткен Орта Азия және Қазақстан жастары өнер және поэзия фестивалінің лауреаты, республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты (1985), С.Ерубаев атындағы Шымкент облыстық Жастар сыйлығының лауреаты (1992). «Абзалдық әліппесі» атты кітабы бірқатар университеттер мен мектептерде пән ретінде оқытылуда. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 1997 жылы «Жыл адамы» атағын алған.

Философиялық тәлім-тәрбиеге негізделген «Жүректегі жазулар», «Адам іздеп жүрмін» атты эссе-кітаптары жарық көрген. Көптеген әндердің авторы. «Көңіл қымбат» (2008), «Досыма» (2009) атты ән-альбомдары, «Жүректегі жазулар» атты DVD жинағы жарыққа шыққан. Шығармалары орыс, өзбек, түркімен тілдеріне аударылған.

Ордабасы ауданының Құрметті азаматы. «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Моңғолияның «Шыңғысхан» медалінің иесі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.

Шығармалары: Қарлығаш. Өлеңдер. Жас ақындар жинағы. А., «Жалын», 1987; Желтоқсан құрбандарын жоқтау. Ұжымдық жинақ. А., «Жалын», 1992; Бір физиктің махаббаты. Сықақ өлеңдер. «Жібек жолы», 1993; Айтшы, өмір. Өлеңдер жинағы. 1994; Үш жүздің басын қосқан Ордабасым. Тарихи танымдық кітап. «Жібек жолы», 1994; Абзалдық әліппесі. 1996; Гүл қауызындағы тамшы. Өлеңдер жинағы. «Нұрлы әлем», 1998; Адам іздеп жүрмін. Эссе. «Нұрлы әлем», 1999; Бақыт жолы. Әндер жинағы. 2001; Жүректегі жазулар. Эссе. «Сенім», 2002; Күн ұлымын. Өлеңдер. «Сенім», 2002; Жан жаңбыры. Өлеңдер. «Елорда», 2003; Бек. Эссе. 2004; Біздің Бапақ. Балаларға арналған сатиралық өлеңдер. «Ғасыр», 2005;

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота