31.О.Бөкейдің «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағы үшін алған марапаты? А. «ҚР Жастар сыйлығы» В. «ҚР Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы» С. «Құрмет белгісі» ордені D. «Жалын» ба ң сыйлығы»
32. Кісікиік сөзі «Атау - кере» повесінде қандай мағынаға ие?
А. ақбөкен В. тұлғасы адам тектес мақұлық С. кісімен араласпай саяқ жүретін адам D. жабайы адам
33. О.Бөкейдің «Атау кере» повесінің басты кейіпкері Ерік қандай адам?
А. ақылды, байсалды В. мақтаншақ, көрсеқызар С. аңқау, көңілшек D. дүниеқоңыз, мансап құмар
34. Ж.Әбдірашевтің ұлттық поэзияға үлкен жаңалық болып қосылған өлеңдер жинағы?
А. «Тұңғыш кітап» В. «Өсіп келем» С. «Аққайран» D. «Құлпытас»
35.Қазақ әдебиетінде эпиграмма жанрын қалыптастырып, «Әзілің жарасса» кітабын жазған қаламгер?
А. Ж.Әбдірашев В. Е.Әбікенұлы С. Ш.Мұртаза D. Б.Мұқай
36. «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасындағы Батыраш қай шығарманың кейіпкері?
А. «Көксерек» әңгімесі В.«Құлагер» поэмасы С.«Томирис» драмасы D. «Райымбек» поэмасы
Үйірме жетекшісі мен оқушылар арасында диалог құрастыру.
Үйірме жетекшісі: Айымгүл, келер аптада жоспарлап қойған шаруаларың жоқ па?
Айымгүл: Әзірге, ешқандай жоспарым жоқ, апай. Бір нәрсе істеу керек пе?
Үйірме жетекшісі: Ия, солай десем де болады. Келесі аптада біздің сарайымызда ашық есік күндері өтеді. Соған әрбір үйірме өзінің оқушыларының қатысуымен түрлі іс – шаралар жүргізуі керек. Соған өзіміз кішігірім концерт ұйымдастырсақ деп ойлап отырмын.
Айымгүл: Жақсы, апай. Әрине қатысамын.
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, онда орындайтын күй таңдап қояйық.
Айымгүл: Маған Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйі ерекше ұнайды. Концертімізді сонымен ашсақ қалай болады?
Самал: Ия, апай. Содан кейін барлығымыз жақында ғана үйренген «Шалқыма» күйін орындасақ, қалай қарайсыз?
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, жандарым! Міне, өздерің де концерт бағдарламасын құра алатын болыпсыңдар! Жарайсыңдар! Еңбегімнің зая кетпей жатқанына қуаныштымын!
Самал: Апай, біз бұл үйірмеде сізден көп нәрсе үйреніп жатырмыз ғой. Соны енді халыққа көрсетсек, бұл біз үшін де үлкен мақтаныш қой.
Айымгүл: Концертте өнер көрсеткеніміз сіздің арқаңызда жеткен жетістік деп білеміз!
Үйірме жетекшісі: Рахмет сендерге, жандарым! Ендеше күйлерді бір қайталап шығайық...
Мұхтар Әуезов «Абай шәкірттері туралы» атты мақаласында:
«Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды.Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп, М.Әуезов: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды ескерте кету керек. Ол – осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен айқындап көріне түсетін, Абайдың өзіндік ерекшелігі болады.Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек" деп атап өткен екен.

Абайдың өнерпаз шәкірттері.