Қазіргі кезде короновирустың кесірінен барлық балалар,студенттер қашықтықтан оқып жатыр.Қашықтықтан оқу" WhatsApp" желісі арқылы өтіп жатыр.Бұның жақсы жəне жаман жақтарыда бар.
Жақсы жақтары:Бұл біздің өмірімізді,денсаулығымызды сақтау үшін керек.Қашықтықтан оқыған қауіпсіз деп табылады.Жəне де Білім Менистрліктегі адамдар бізге қолайлы болу үшін басқа да заңдар шығарып жатыр.
Жаман жақтары: Білімді дұрыс ала алмаймыз. Біз балалар апайлардың түсіндірулерінсіз сабақты ұғына алмаймыз.Бұлай оқудан балалардың білімі төмендейді.
Бірақ қарап тұрсақ бұл біздің өмірімізді жақсарту үшін керек.Егер далаға шықпай,карантинді жақсылап ұстайтын болсақ,онда вирусты да тезірек женеміз.
ДИАЛОГ
Қазақстан көпұлтты мемлекет
-Сəлем,Айша
-Сəлем ,Мария
- Айша мен сеннен бір нəрсе сұрайын деп едім.
-Сұра
- Біз ата -анамызбен бірге Қазақстанға көшіп келдік.Осы біздерден басқа Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері тұра ма?Жəне де олар кімдер?Қанша ұлт өкілдері бар?Сенің басқа ұлт өкілдерінен достарын бар ма?
-Қаншама көп сұрақ.Əрине сендерден басқа ұлт өкілдері тұрады.Мысалы,Қытайлықтар ,Кəрістер,Немістер ,Қырғыздар жəне т.б.Осы Қазақстанда 2009 жылғы санақ бойынша 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді.Осыншама ұлт өкілдері тұрған соң əрине достарым бар.Мысалы,сен,Ким Дана Иан...
-Ал сен кəрістердің Қазақстанда қаншасы тұратының білесін бе?
- Ия.Қазақстанда кəрістердің 107 мыңнан астамы өмір сүреді.
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы – қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты-Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Туған жері-қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Арғы атасы-қазақтың ұлы ханы –Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгерген. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда «екі –үш жылдан кейін-ақ өз кластарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады» (Г.Н.Потанин).Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады. Келесі жылы М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстықкөл аймағының картасын жасасады.Шоқанның Қашқарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қоқан хандығының Қашқардағы консулы әрі саяси резидентінің көмегімен Қашқардың экономикалық саяси құрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келеді.Шоқаннан қалған мұраның бірі-бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейжаз және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.Науқасы меңдегендіктен Петербургтан елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады.Тән ауруы мен жан ауруына шипа таба алмаған Шоқан 1865 жылы Алтынемелде, Көшкентоғай деген жердегі Тезек төренің ауылында қайтыс болады.Шоқанның маңдайына «жарқ етіп сөнген құйрықты жұлдыздай» қысқа ғана ғұмыр сүру жазылды. Бірақ ол аз ғана ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
Қазіргі кезде короновирустың кесірінен барлық балалар,студенттер қашықтықтан оқып жатыр.Қашықтықтан оқу" WhatsApp" желісі арқылы өтіп жатыр.Бұның жақсы жəне жаман жақтарыда бар.
Жақсы жақтары:Бұл біздің өмірімізді,денсаулығымызды сақтау үшін керек.Қашықтықтан оқыған қауіпсіз деп табылады.Жəне де Білім Менистрліктегі адамдар бізге қолайлы болу үшін басқа да заңдар шығарып жатыр.
Жаман жақтары: Білімді дұрыс ала алмаймыз. Біз балалар апайлардың түсіндірулерінсіз сабақты ұғына алмаймыз.Бұлай оқудан балалардың білімі төмендейді.
Бірақ қарап тұрсақ бұл біздің өмірімізді жақсарту үшін керек.Егер далаға шықпай,карантинді жақсылап ұстайтын болсақ,онда вирусты да тезірек женеміз.
ДИАЛОГ
Қазақстан көпұлтты мемлекет
-Сəлем,Айша
-Сəлем ,Мария
- Айша мен сеннен бір нəрсе сұрайын деп едім.
-Сұра
- Біз ата -анамызбен бірге Қазақстанға көшіп келдік.Осы біздерден басқа Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері тұра ма?Жəне де олар кімдер?Қанша ұлт өкілдері бар?Сенің басқа ұлт өкілдерінен достарын бар ма?
-Қаншама көп сұрақ.Əрине сендерден басқа ұлт өкілдері тұрады.Мысалы,Қытайлықтар ,Кəрістер,Немістер ,Қырғыздар жəне т.б.Осы Қазақстанда 2009 жылғы санақ бойынша 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді.Осыншама ұлт өкілдері тұрған соң əрине достарым бар.Мысалы,сен,Ким Дана Иан...
-Ал сен кəрістердің Қазақстанда қаншасы тұратының білесін бе?
- Ия.Қазақстанда кəрістердің 107 мыңнан астамы өмір сүреді.
-Рақмет Айша.
-Оқасы жоқ Мария.