3-тоқСАН БОЙЫНША Жиынтық БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР Тапсырма
Оқылым
1. Ажар мен Жандос туралы ақпаратты мұқият тыңда. Тапсырмаларды
орында.
Ажар:
Менің атым – Ажар. Мен спортпен айналысамын. Күнде таңертең жаттығу
жасаймын, жүгіремін. Маған мәнерлеп сырғанау ұнайды. Менің атақты спортшы
болғым келеді.
Жандос:
Менің атым – Жандос. Маған суда жүзу ұнайды. Жүзгіштер — өте мықты,
шыдамды адамдар. Мен сенбі, жексенбі күндері бассейнге барамын.
1) Мәтін бойынша кейіпкерлер мен олардың іс-әрекетін сәйкестендір.
сенбі, жексенбі күндері бассейнге барады.
Ажар
демалыс күндері коньки, шаңғы тебеді.
Жандос
күнде таңертең жаттығу жасайды, жүгіреді.
2) Мәтінде айтылған спорт түрлерін бейнелейтін суреттерді белгіле (М).
Жазылым
2. Тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құрастыр.
Тірек сөздер: спортпен айналысу, спорт түрі, жаттығу жасау, болу үшін,
ұнайды, мықты, денсаулыққа пайдалы.