3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Махаббат және абырой»
І нұсқа
Оқылатын шығарма М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
Оқу мақсаты 8.3.3.1. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
- Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығынгуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма.
«Ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры» тақырыбынаәдеби эссе жазыңыз. Жазылымдашығарманыңкөркемдік-идеялыққұндылығыннақтыкөрсетіп, гуманистіктұрғыданталдаужасаңыз.
Бағалаукритерийі Тапсырма Дескрипор
Білім алушы
Әдеби эссені шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады
1 тақырыптыашады; 1
көркемдік-идеялыққұндылығыннақты көрсетеді; 2
гуманистіктұрғыданталдаужасайды; 2
ойынмысалдармендәлелдейді 1
эссе құрылымынсақтайды 1
Барлығы 7
Өсімдікке су керек. Себебі өсімдік сусыз өспейді. Біз оны күнде көріп байқаймыз. Егер топырақ кеуіп қалса, оны жұмсартып су құю керек. Сонда ол әдемі болып жақсы өседі. Су адамға көмекші. Сумен бау бақшаны, егінді суарады. Олар бізге жеміс – жидек береді. Нан өмір, су тірішілік көзі.
Су пайдалы нәрсе. Онымен кемелер, қайықтар жүзеді. Су қатынас жолы. Су тасқыны болса, адамдар оны өз күшімен, ақыл ойымен тоқтатады.
Су өте таза, мөлдір болады. Суды адамдар ауыз суға ішеді, шөлін қандырады, тамаққа пайдаланады. Су тазалық кепілі. Сумен ыдыс аяқ, киім яғни барлық ласты сумен тазалап кетіреміз. Суға шомыламыз. Әр адам судай таза, жақсы болса дені сау, ұзақ өмір сүреді
«Жолдасы көптің олжасы көп».
Қазақ халқы қашанда достық, жолдастық қарым – қатынасты ерекше бағалап, қадірлей білген. Бұған дәлел ретінде достық туралы бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”, «Жолдасы көптің олжасы көп» т.б. Шынымен де, бір сәт ойланып қарасақ, жолдасы көп адам ең бақытты жан деп те айтсақ болады, себебі адал дос өмірде таптырмас байлық. Қиыншылық туған кезде қол ұшын созып, көмекке келетін, қуанышты бөлісетін дос – өмірдегі ең үлкен құндылық. Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды.