В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
nik863
nik863
23.05.2021 13:30 •  Қазақ тiлi

3-тасын -таусырма. Мәтінді оқы. Мәтінді мазмұнда. Өлеңді жаттап ал.
Күн ұлымын, қолдаушым — Күнім менің,
Күннің нұры - бойыма сіңіргенім ,
Тұғыр бердiң сен маған: «Елді ойла!»
деп,
Сол тұғырдан шығады үнім менің.
Ұғамысың, халайық, жүрек үнін?«Сен!» деп соққан сол үнді біледі кім?
Мен-дағы ғаламшардың тұрғынымын:
сүйеуі - Жер,
демеуі - Ай,
тірегі - Күн.
Биік биік...
Мақсатым биік менің
Биігімді көреді киіктерім.
Күй-үнімді тыңдайды ұйып келім,
Өзің үшін өртенген жырларымды
Жеткізе алсам, арман не, сүйікті елім!
Әкім Ысқақ​

Показать ответ
Ответ:
lizadorfv
lizadorfv
02.12.2021 22:59
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.[3] Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Өзі туып-өскен Қарағандының іргесіндегі Абай қаласында ол Александр Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнады. Өйткені боксқа деген бейімділік оның қанында бар. Серіктің немере ағасы Бақтай да кезінде еліміздің қабырғалы боксшыларының бірі болған. Көзі қарақты көрермендер жетпісінші жылдары шаршы алаңда атой салған ол азаматты әлі ұмыта қойған жоқ. Бақтай Сәпиев кезінде жастар арасында КСРО чемпионы, ересектер арасында КСРО чемпионатының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер арасында өтетін «Достық» ойындарының жеңімпазы атанды. 1972-1976 жылдар аралығында Одақ құрамасының сапында болып, тоғыз бірдей халықаралық турнирде топ жарды. – Серік менің алдыма келгенде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұшқын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы болатын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді бапкері Александр Стрельников.[4] Бір жылдай Стрельников бапкерден тәлім алған Серік әкесінің ақылымен Қарағандыдағы Ә.Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатында, білікті бапкер Сайын Аратаевтың қол астында үш жыл өткізеді. Интернатта үш жыл өткізген кейін Абай қаласына, алғашқы бапкері Александр Стрельниковке қайтып келеді.[5] Алғашқы жеңістер Өңдеу Пошта маркасы, 2013 жыл 2004 жылы қарағандылық боксшы әскерилер арасында әлем чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Сол маусымда ол 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Осы табыстар талантты боксшыны қанаттандырып жіберсе керек, енді ол қарсыластарын қуып жүріп сабайтындай деңгейге жетті. 2005 жылы Серік Сәпиевтің жұлдызы жарқырай жанды. Ол 64 келі салмаққа ауысып, Қытайдың Миньян қаласында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғады. Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қолынан жарақат алған болатын. Бірақ бұл жарақаты жайында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақталастары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қойдыруы да мүмкін ғой. Сол жылы Сәпиев әлем кубогы бәсекесінде де теңдессіз өнерімен тамсандырды. Мәс­кеуде өткен додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алғанымен, Серік бірде-бір жекпе-жегінде жеңілістің дәмін татқан жоқ. Бірінші кездесуінде ол 10 секундтың ішінде Африка боксшысын нокаутқа түсірсе, жартылай финалда кубалық Йорданис Эрнандесті 46:35 есебімен еңсерді. Міне, содан бергі екі жылдан астам уақыт аралығында Серік ресми жарыстарда тек жеңіске жетуде.
0,0(0 оценок)
Ответ:
дитанатор
дитанатор
09.03.2020 20:20

Табиғат туралы диалог құрастыру.

Асланбек: Аға, «табиғат пен адам егіз ұғым» дегенді қалай түсінуге болады?

Мейрамбек: Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз.

Асланбек: Жалпы, табиғат деген не?

Мейрамбек: Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Асланбек: Неліктен табиғат адам өмірінде ерекше орын алады?

Мейрамбек: Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Асланбек: Сіздің ойыңызша, табиғатқа тіл бітсе, не дер еді?  

Мейрамбек: Менің ойымша, табиғатқа тіл бітсе, бір жағынан табиғат өзін қастерлеп, аялап, оған күтім жасайтын адамдарға өз ықыласын білдірсе, енді екінші жағынан осы тіршілік көзін ластап, салдыр - салақ қарағанына қынжылап, киналар еді деп ойлаймын.

Асланбек: Табиғатты таза ұстап, аялау үшін не істеу қажет?

Мейрамбек: Ең алдымен, жүрген жерінде қоқыс шашпау керек. Тал түптерін әктеп, жаңа ағаштар отырғызуға ат салысу керек. Суды үнемдеу керек.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота