В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
котик963
котик963
19.05.2022 12:04 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма. Өздерін окыган кітаптар, керген фильмдерін бойынша ата аналарыннын, туыстарыннын арасында берік байланыс орнатудагы жауапкершілік туралы эссе жазындар. Тапсырманы уйде доптерде орындандар

Показать ответ
Ответ:
Плювиофил
Плювиофил
22.01.2022 18:10

«Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп», «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда әр туысың болсын», «Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді». Бұл дана сөздерді атам қазақ айтып кеткен. Кешегісін ойлап, болашағын болжап отыратын бабаларымыз ұрпағына осындай аталы сөз қалдырған. Ағайынның татулығын ұлағат еткен. Бауырлардың бір-біріне бауырмал болуын баса айтқан. Туыстық байланыстың маңыздылығы мен парқын жете түсіндірген. Тіпті «Туғаныңмен сыйы ң, кең дүниеге сыймассың» деп те ескертеді. Бірақ оны бүгінгі буын елеп-ескеріп жатыр ма?

Қазақ халқы қай кезде де туыспен етене жақын болып, алауыздықтан алшақ болуға үндейтін. Бала кезімізде бір туған бауырлар түгілі көрші-қолаң да бір-біріне жәрдемдесіп, көмек қолын созуға ­дайын тұратын. Асарлатқанда алдына жан салмайтын. Той-томалақ, өлім-жітімнің бәрі көпшілікпен, ауылдастардың, ағайындардың арқасында өз дәрежесінде бітіп атқарылып жататын. Ағайын болып өмір сүру, бауыр-қарындастың қамын ойлау, туыстың жайына жанашырлық сезіммен қарау салты ұмытылып, рия­сыз көңілден жасалатын көмектің де қатары сирегені байқалады. Адамның азғандығы ма, қоғамның тозғандығы ма, әйтеуір, бүгінгі заманда кісіліктің қасиеті жоғалып, мейір азайып, бір-біріне деген пейілі тарылғандай. Есесіне бір-біріне деген іштарлық та, қызғаныш та үдеп бара жатқандай. Бір өкініштісі сол, бұл жағымсыз көріністер бір туған ағайындылар арасында да кездесіп қалып жатады. Бауыры түгіл оның отбасын далада қалдырмау үшін өз қамқорлығына алып, асырап-сақтайтын қазақ отбасының ер азаматтары бүгінде безбүйрек болып бара жатқан жоқ па? Өмірде ағайын адамдардың бір-бірімен тіл табыса алмай, осылайша бір-бірін мәңгі көрместей болып, ат-құйрығын үзісіп кетіп жатқан мысалдар аз ба? Мұның себебі неде? Мұншалық қатыгездік қайдан келді? Өкінішке орай, ағайынды адамдардың арасында бір-біріне жәрдемдесіп, көмек қолын созудың орнына «пайда тек өзіме ғана болса» деген теріс пиғыл орныға бастады. Ондай ниеттегілер бас пайдасы үшін өз ағайынын жарға да жығуға даяр тұрады. Мұның барлығы туыс-туғанның жоғына қарайласпай, өз қамын ғана күйттеуден туындайтын жағымсыз қасиет екені белгілі

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота