3-тапсырма. Тыңдалым мәтініндегі ақпараттар бойынша өз пікіріңді дәлелдеп жаз. 110 бет 1. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша, ... »
2. Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны деп түсінемін »
3 .Үшінші сөйлем. «Оны мен деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын »
4 .Соңғы сөйлем .«Осыған байланысты мен деген шешімге келдім ... »
Компьютердің пайдасы мен зияны.
Компьютер пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен компьютердің пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.
Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан компьютерді тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.
-(аты), сенің сүйікті спортың қандай?
2-оқушы:
-менің сүйкіті спортым ...(спорт аты), себебі.. (неліктен екенін түсіндіреді)
1-оқушы:
Иә, келісемін. Қандай спорт түрі болсын, бәрі денсаулыққа пайдасы зор. Оның арқасында денең шынығады, мықты бола түсесің!
2-оқушы:
-Дұрыс айтасың. Әр адам тіпті құр спортпен шұғылданбаса да, жаттығу жасап тұруы қажет қой.
1-оқушы:
-Әрине! Егер ол әдетке айналса, келешекте денсаулығы мықты болатынына күмен жоқ! Спорт-адамға керек нәрсе! Онымен адам сергіп те қалады, өзіне оң әсерін де алып келеді...